Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
|
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Гүлмен тілек» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.
ә)Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
б)Топтастыру.
|
Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I – Сутек тобы
II – Оттек тобы
III –Азот тобы
Топтың ережесі:
ТҚЕ сақтау.
Топ басшысына бағыну.
Белсенді болу.
Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.
Уақыт шегінде жұмыс жасау.
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Қағаз фигуралар
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Витамин» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Жаттығу жасайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Атом дегеніміз не?
Атомдар бірігіп нені түзеді?
Атомдардың бір түрінен түзілген заттар қалай аталады?
Жай заттарға мысал келтір
Күрделі заттар дегеніміз не?
|
|