Сабақтың тақырыбы:Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы
Бөлім:
8.3А Химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Педагогтің аты-жөні:
Дәуренбекова Ж
Күні:
20.01.2022 ж
Сыныбы:
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
8.2.1.1 -топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру,
Сабақтың мақсаты:
Периодтықкестеніңқұрылу принципін біледі
Химиялық элементтердің қасиеттері периодты түрде өзгеретінін түсінеді
Топтар мен периодтар туралы түсінеді
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.
1 топ: Кітап
2 топ: Дәптер
3 топ: Қаламсап
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
1.Химиялық әлементтерді жүйелеудің алғашқы нұсқаларын кімдер жасады?
2.Менделеевтің ұсынған нұсқасы несімен маңызды болды?
3. Қазіргі уақытта қолданылып жүрген периодтық кестені қай ғалым жасады?