Ұйымдастыру
|
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.
ә). Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
б). Топтастыру.
|
Сап түзеп тұру арқылы 1, 2 санын реттілікпен саналу арқылы екі топқа бірігеді.
І-топ:
ІІ-топ
|
Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
|
Тоқыма жіп
|
Өткен білімді еске түсіру
|
«Алтын қапшық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау
1.Авогадро заңы қалай тұжырымдалады?
2.Газдардың мольдік көлемі қалай өрнектеледі?
3. Газдардың салыстырмалы тығыздығы деген не?
4.Қалыпты жағдайда газдардың тығыздығын қалай анықтайды?
5.Газдың тығыздықтарын табудың формуласы?
6.Кез келген газдың бір молі нешеге тең?
7.Ауаның орташа молярлық массасы нешеге тең?
8.Авогадро заңын кім,қай жылы ашты?
9.Көлемдік қатынас заңын кім ашты?
10.Кез келген бір моліндегі молекула саны нешеге тең?
|
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасалынады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
10-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері
|