Сабақтың тақырыбы: "Химиялық реакция жылдамдығы тақырыбына есептер шығару"



Дата24.11.2022
өлшемі33,31 Kb.
#52180
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: ”Химиялық реакция жылдамдығы тақырыбына есептер шығару”
Мақсаты: Білімділік: Химиялық реакциялар жылдамдығы бойынша есеп шығаруға дағдыландыру;
Дамытушылық: химиялық реакцияның жылдамдығы, жылдамдыққа концентрация, температура, өршіткі, әрекеттесуші заттардың табиғатының әсерін меңгерту. Формуланы қолданып есептер шығаруда логикалық белсенділіктерін кеңейту, білімдерін тереңдету .
Тәрбиелік: Пәнге деген ынтасын арттыру, өз бетімен жұмыс істей білуге, топта өзін, өзгені сыйлау сезімін қалыптастыру.
Cабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Тірек білімді белсендіру -үй тапсырмасын сұрау.
1.“Білесің бе, білмейсің бе?” ойыны (лездеме сұрақтар)
2. Үй тапсырмасын қорытындылау: Құпия сөзді анықтау
ІІІ. Жаңа сабақ
1. «Миға шабуыл» (жаңа сабақтың тақырыбын ашу)
2. «Есептер сыры» (жаңа тақырып бойынша есептер шығару)
ІV. Бекіту.
V. «Рефлекcия »
VІ. Бағалау. Үйге тапсырма
Сабақты бағалау: Берілген сұрақтардың немесе тапсырмалардың деңгейіне қарай

  • «Күнсұлу»- «3»- тік баға

  • «Дауылхан» - «4»-тік баға

  • «Толқынай» -«5» -тік баға

Зейінді шоғырландыруға арналған “Көңіл-күй” жаттығуы
ІІ. Тірек білімді белсендіру -үй тапсырмасын сұрау.
“Білесің бе, білмейсің бе?” ойыны (лездеме сұрақтар)
І топ:

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Химиялық реакцияның жылдамдығын зерттейтін химияның бөлімін қалай атайды?

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Химиялық реакцияның жылдамдығы деген не?

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Гомогенді реакцияның жылдамдығы деген не?

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Гетерогенді реакцияның жылдамдығы деген не?

ІІ топ:

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Реакцияның жүру жылдамдығын анықтайтын саты қалай аталады?

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Химиялық реакцияның жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Әрекеттесуші массалар заңы деп қандай заңды айтады?

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Температураны әр 10 градусқа көтергенде рекция жылдамдығы қалай өзгереді?

ІІІ топ:

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Вант-Гофф ережесі деп нені айтады?

  • - Білесің бе, білмейсің бе?

Өршіткі деген не?

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Ингибитор деген не?

  • - Білесің бе, білмейсің бе? Катализдік реакциялар деп қандай реакцияларды айтады?

Үй тапсырмасын қорытындылау.Құпия сөзді анықтау (ЭКСПО)




υ = ± ΔС/Δτ

аА

υ=υ0·γ (t2-t1)/10

v = k*[A]a * [В]b,

С(қ) + О2(г) = СО2

2NO(г)2(г) = 2NO2(г)

Химиялық реакция жылдамдығы

Э

А

К

С

П

О

ІІІ. Жаңа сабақ І. «Миға шабуыл»


-суретті көргенде ойыңа келген сұрақ немесе пікір...

  1. Реакцияның жылдамдығына концентрацияның әсері тақырыбына есептер шығару

№1-есеп.


2SO2+ О2= 2SO3 Реакциясындағы күкірт(ІV) оксидінінің концентрациясын 2 есе көбейткенде реакция жылдамдығы неше есе артады?
№2-есеп.
H2 + Cl2 = 2HCl реакциясындағы хлордың концентрациясы 0,06 моль/л. 5 сек кейін хлордың концентрациясы 0,02 моль/л болды. Осы уақыт ішінндегі реакция жылдамдығы қандай?
№3-есеп. Жүйедегі қысымды 2 есе арттырғанда
N2(г)+3Н2(г) → 2NH3(г),   тура реакцияның жылдамдығы неше есе артады?
№4-есеп. Осы реакцияда С(қ)+2H2(г) → CH4(г) сутек концентрациясын 3 есе азайтса, реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
№5-есеп. Жүйедегі қысымды 2 есе арттырғанда
2SО2 (г) + O2 (г) = 2SO3 (г) реакцияның жылдамдығы неше есе артады?
№6-есеп. А+В = 2С теңдеуі бойынша. А затының бастапқы концентрациясы 0,22 моль/л, ал 10 с кейін 0,215 моль/л. реакция жылдамдығын анықтаңдар .
2.Реакцияның жылдамдығына температураның әсері
№1- есеп. Температураны 30°С көтергенде реакция жылдамдығы 27 есе артты, егер температураны 50°С көтерсек, реакция жылдамдығы неше есе артады.
№2-есеп. Егер температуралық коэффициент 2-ге тең болса, температураны 30 до 70 ∘ С көтерсек реакция жылдадығы неше есе артады?
№3-есеп. Температураны 30°С көтергенде реакция жылдамдығы 64 есе артса, осы реакцияның температуралық коэффициенті нешеге тең?
№4-есеп. Температураны 40°С төмендеткенде реакция жылдамдығы 81 есе кемісе, осы реакцияның температуралық коэффициенті нешеге тең?
№5-есеп. 0 о С температурада реакция, (температуралық коэффициент 2-ге тең) 120 сек аяқталады. Осы реакция 15 сек қандай температурада жүреді?
№6-есеп. 0 о С температурада реакция 1 час 21 минутта аяқталады, ал 40 о С 1 минутта бітеді. Осы реакцияның температуралық коэффициентін анықтаңдар.
ІV. Бекіту.
Химиялық реакция теңдеулеріне берілген есептелерді қалай шығарады?
V. Рефлекcия


  • VІ. Бағалау
    Үйге тапсырма: Қайталау. №10 есеп


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет