Сабақтың тақырыбы: ”Химиялық реакция жылдамдығы тақырыбына есептер шығару”
Мақсаты: Білімділік: Химиялық реакциялар жылдамдығы бойынша есеп шығаруға дағдыландыру;
Дамытушылық: химиялық реакцияның жылдамдығы, жылдамдыққа концентрация, температура, өршіткі, әрекеттесуші заттардың табиғатының әсерін меңгерту. Формуланы қолданып есептер шығаруда логикалық белсенділіктерін кеңейту, білімдерін тереңдету .
Тәрбиелік: Пәнге деген ынтасын арттыру, өз бетімен жұмыс істей білуге, топта өзін, өзгені сыйлау сезімін қалыптастыру.
Cабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Тірек білімді белсендіру -үй тапсырмасын сұрау.
1.“Білесің бе, білмейсің бе?” ойыны (лездеме сұрақтар)
2. Үй тапсырмасын қорытындылау: Құпия сөзді анықтау
ІІІ. Жаңа сабақ
1. «Миға шабуыл» (жаңа сабақтың тақырыбын ашу)
2. «Есептер сыры» (жаңа тақырып бойынша есептер шығару)
ІV. Бекіту.
V. «Рефлекcия »
VІ. Бағалау. Үйге тапсырма
Сабақты бағалау: Берілген сұрақтардың немесе тапсырмалардың деңгейіне қарай
-суретті көргенде ойыңа келген сұрақ немесе пікір...
Реакцияның жылдамдығына концентрацияның әсері тақырыбына есептер шығару
№1-есеп.
2SO2+ О2= 2SO3 Реакциясындағы күкірт(ІV) оксидінінің концентрациясын 2 есе көбейткенде реакция жылдамдығы неше есе артады?
№2-есеп.
H2 + Cl2 = 2HCl реакциясындағы хлордың концентрациясы 0,06 моль/л. 5 сек кейін хлордың концентрациясы 0,02 моль/л болды. Осы уақыт ішінндегі реакция жылдамдығы қандай?
№3-есеп. Жүйедегі қысымды 2 есе арттырғанда
N2(г)+3Н2(г) → 2NH3(г), тура реакцияның жылдамдығы неше есе артады?
№4-есеп. Осы реакцияда С(қ)+2H2(г) → CH4(г) сутек концентрациясын 3 есе азайтса, реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
№5-есеп. Жүйедегі қысымды 2 есе арттырғанда
2SО2 (г) + O2 (г) = 2SO3 (г) реакцияның жылдамдығы неше есе артады?
№6-есеп. А+В = 2С теңдеуі бойынша. А затының бастапқы концентрациясы 0,22 моль/л, ал 10 с кейін 0,215 моль/л. реакция жылдамдығын анықтаңдар .
2.Реакцияның жылдамдығына температураның әсері
№1- есеп. Температураны 30°С көтергенде реакция жылдамдығы 27 есе артты, егер температураны 50°С көтерсек, реакция жылдамдығы неше есе артады.
№2-есеп. Егер температуралық коэффициент 2-ге тең болса, температураны 30 до 70 ∘ С көтерсек реакция жылдадығы неше есе артады?
№3-есеп. Температураны 30°С көтергенде реакция жылдамдығы 64 есе артса, осы реакцияның температуралық коэффициенті нешеге тең?
№4-есеп. Температураны 40°С төмендеткенде реакция жылдамдығы 81 есе кемісе, осы реакцияның температуралық коэффициенті нешеге тең?
№5-есеп. 0 о С температурада реакция, (температуралық коэффициент 2-ге тең) 120 сек аяқталады. Осы реакция 15 сек қандай температурада жүреді?
№6-есеп. 0 о С температурада реакция 1 час 21 минутта аяқталады, ал 40 о С 1 минутта бітеді. Осы реакцияның температуралық коэффициентін анықтаңдар.
ІV. Бекіту.
Химиялық реакция теңдеулеріне берілген есептелерді қалай шығарады?
V. Рефлекcия