Сабақтың тақырыбы: И. Павловтың анализаторлар туралы ілімі. Көру анализаторлары. Құрылысы, гигиенасы, жасқа байланысты ерекшеліктері



бет5/5
Дата19.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#140988
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
7 такырып Анатомия, физиология гигиена Көру анализаторлары. Карасаева А.И.

Көру гигиенасы

  • Балаларда ең жиі кездесетін көру кемшілігі жақыннан көру қабілеті. В. Ф. Уткин (1971) мен Э. С. Аветисовтың (1975) зерттеулеріне қарағанда мектеп жасына дейінгі балалардың 1-2%, 7-10 жаста 4,5%, 11-14 жаста 10,5%, 15-18 жаста 21,5%, 19-25 жаста 28,7%-нда жақыннан көру қабілеті байқалады. А. А. Сычевтың (1980) зерттеуі бойынша көзге күш көбірек түсетін мектептерде, айталық математика, шет тілі мамандықтарына көп көңіл бөлетін мектептерде бұл көз кемшілігі оқушылардың 25%-нда байқалады. Әсіресе балаларды көру гигиенасымен, партада дұрыс отыру ережелерімен таныстырмаған жағдайда бұл кемшілік көбейіп кетеді. Осыған байланысты мұғалімдер өздері де, олардың оқушылары да көру гигиенасын жақсы біліп, бұл кемшіліктің алдын алғаны жөн.

Кітапты оқығанда, қағазды жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болуы тиіс. Ең тиімдісі 37 см; баланың жұмыс орнының жарығы дұрыс қосылуға тиіс. Ең тиімді жарық мөлшері 150-300 люкс шамасында. Жарық баланың сол жағынан немесе үстінен және алдына қарай сол жақтан орналасуы қажет. Жарық сәулелерінің әсері баланың көзіне тура түспеуі керек. Жарық көздерінің сыртында жарық сәулелерін шашатын сәуле сейілдіргіштері, айталық, плафон, абажур, пластинка болуы тиіс.
Үстелде, партада бала дұрыс отыруы керек;
Жүріп келе жатқан көлікте кітап оқуға болмайды.
Теледидар көрсетулерін қарағанда ең кемінде 2,5-3 м қашықта отырған жөн (теледидардың экраны 62 см болағанда). Баланың жасына лайық жазу, оқу еңбектерінің, теледидарды қарау ұзақтығын, әсіресе көзге күш түсіретін еңбектің түрлерін, олардың ұзақтығын мұқият қадағалаған жөн.
Көру гигиенасының талаптары:

Баланың жасына лайық кітап оқу ұзақтығын сақтау:


6-7 жаста  - 10 минут
7-10 жаста — 15 минут,
10-12 жаста - 20 минут
12-15 жаста — 25 минут,
5-18 жаста - 30 минут, яғни осы көрсетілген уақыттан соң аз да болса, көзді демалдырып отыру қажет немесе көз талмайтын жұмыс пен айналысқан жөн.
01
02
03
04
05
Көздің жалпы құрылысы мен маңызы
Сұрақтарға жауап беріңіз
Көз өткірлігі дегеніміз деген не?
Көру талдағышының жас ерекшеліктрі қандай
Көру гигиенасының талаптары
Көз жаттығулары

Ұй тапсырмасы


№1.Көздің жалпы құрылысы мен маңызы.
№2.Түрлі түсті бояуды көру қағидасы.
№3.Көру гигиенасының талаптары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет