Сабақтың тақырыбы: «Идеал газ күйінің теңдеуі» тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білімдерінің бекіп, меңгерген іскерліктерін графикалық, сандық, сапалық әртүрлі есептер шығару барысында пайдалана білу қабілеттерінің жетілуіне жағдай жасау. Пән бойынша білім – білік дағдысын қалыптастыру. Дамытушылығы: МКТ-ның негізгі теңдеуіне есеп шығаруда, есептің мазмұнын түсініп, талдап, керекті тәсілдері таңдауға жаттығу. Тәрбиелілігі: Топтық намыс, адамгершілік, ұйымшылдық, ауызбіршілік сақтай отырып, есептер шығарудың түрлі тәсілдерін меңгеру. Әдісі: интеграциялау, есеп шығару Типі: семинар, меңгеру сабағы Көрнекілігі: интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Есеп шығару 4. Сабақты қорытындылау 5. Үйге тапсырма беру І. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдысының қалыптасуын тексеру. Оқушыларға үй тапсырмасын «Кубизм» әдісі арқылы еске түсіру, оқушыларға сұрақтар қою. Идеал газ моделін сипаттау
МКТ-ң негізгі теңдеуін қорыту.
МКТ-ның теңдеуі жазылуының 3 түрі.
Орташа кинетикалық энергиямен температура арасындағы байланыс
Больцман тұрақтысының физикалық мағынасы
Авогадро санының мағынасын тұжырымдаңдар.
ІІ. Есептер шығару Оқулықтан №14, 15 есептер
№1 есеп. (А)
Егер газдың массасы 1 кг, ал оның молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 600 м/с болса, онда ол 0,2 МПа қысымда қандай көлемді алады?
№2 есеп. (А)
Егер көлемі 12 л ыдыста 128*1023 оттек молекуласы болса, ол 17 0 С температурада ыдысқа қандай қысым түсіреді?