ҚР қылмыстық процестің міндеттері мен қағидаттарын қарастырады.
• Қылмыстық іс жүргізу құқығы- сот органдарының, прокуратураның қылмыстық істерді тергеу мен анықтау, қозғау қызметін реттейтін құқық саласы.
• Қылмыстық процесс- соттың, прокурордың, тергеушінің, анықтау органының, басқа да қылмыстық іс өндірісіне қатысушылардың заңмен реттелген қызметі.
Тірек сөздер Қылмыстық іс жүргізу құқығы азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау ісінде, Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау әрекеті мен сот төрелігін жүргізуде маңызды рөл атқарады. Қылмыстық істердің қарастырылуына, тергелуіне, шешілуіне байланысты қылмыстық процеске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастар қылмыстық-процестік құқықтың пәні болып табылады.
Қылмыстық-процестік құқықта екі негізгі әдіс бар:
Императивті
Диспозивті
Жауаптылық пен міндеттемелерге, тыйым салуларға негізделген биліктік жазбалар әдісі.
Сот отырысын өткізу барысында қолданылады.
Рұқсат беруге негізделген тараптардың тең құқықты әдісі. Мысалы: жәбірленушінің өтініш беру немесе қарсылық беру құқығы.
1
2
3
4
5
Қылмыстық процестің міндеттері: Тапсырма 1 Қылмыстық процестің міндеттерін атап жазыңыз Қылмыстық құқықбұзушылықтың жолын кесу
Қылмыстық құқықбұзушылықты әділ, тез және толықашу және тергеу
Қылмыстық құқықбұзушылық жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту
Әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану
Қоғамды, мемлекетті және тұлғаларды қылмыстық құқықбұзушылықтардан қорғау
Қылмыстық процестің міндеттері:
Жауап:
Қылмыстық процесс қағидаттары деп негізгі құқықтық ережерлер немесе жалпы және жетекші мәні бар құқықтық нормаларды айтамыз.
Тапсырма 2 Қылмыстық құқық қағидаттарын көрсетіңіз мысал келтіріңіз 1 3 4 2 5 заңдылық қағидаты;
сот төрелігін соттың ғана жүзеге асыруы;
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау;
жекебастың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу;
жекебасқа қолсұғылмаушылық;
қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
жеке өмірге қолсұғылмаушылық;
тұрғынжайға қолсұғылмаушылық;
меншікке қолсұғылмаушылық;
кінәсіздік презумпциясы;
Жалпы қағидаттар:
қайтадан соттауға және қылмыстық қудалауға жол бермеушілік;
сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік бастауларында жүзеге асыру;
Жеке басқа қолсұғылмаушылық қағидаты. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімді де қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұстауға, күзетпен қамауға алуға немесе өзгеше түрде бас бостандығынан айыруға болмайды. 1966 жылы қабылдаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт осы қағидаттың негізі болып табылады.
Күдіктінің, айыпталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ету. Күдіктінің, айыпталушының қорғалуға құқығы бар. Олар бұл құқықты осы Кодексте белгіленген тәртіп пен жеке өздері де, сол сияқты қорғаушының, заңды өкілінің көмегімен де жүзеге асыра алады. Қылмыстық іс жүргізуді жүргізетін орган күдіктіге, айыпталушыға олардың құқықтарын түсіндіруге және олардың күдіктен, айыптаудан заңда тыйым салынбаған барлық құралдармен қорғану мүмкіндігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың жеке құқықтары мен мүліктік құқықтарын қорғау үшін шаралар қолдануға міндетті.
Тапсырма 3 ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қылмыстық жүйе мен қазіргі жүйені салыстыр