Есептер
1. 1.Егер қозғалтқыштың тарту күші 90 кН болса, онда жылдамдық алу кезінде массасы 60 т реактивті ұшақ қандай үдеумен қозғалады?
2.60 Н күш денеге 0,8 м/с2 үдеу береді. Осы денеге 2 м/с2 үдеуді қандай күш бере алады?
3.Массасы 5 кг денеге бір түзудің бойымен 12 Н және 8 Н болатын екі күш әсер етеді. Келесі жағдайлар үшін осы дененің үдеуін анықтаңдар: а) олардың арасындағы бұрыш 00 – ті құрайды; б) олардың арасындағы бұрыш 1800.
4.Массасы 15 кг снаряд атылу кезінде 600 м/с жылдамдық алады. Егер қарудың стволының ұзындығы 1,8 м болса, онда күкіртті газдардың снарядты қысатын орташа күшін табыңдар? Стволдағы снарядтың қозғалысын бірқалыпты үдемелі деп санаңдар.
5.Автомобильдің жүргізушісі машинаны жанармай құю станциясынан 200 м қашықтықта болғанда тежей бастайды және оған қарай 20 м/с жылдамдықпен қозғалады. Массасы 1000 кг автомобиль стансаға келіп тоқтауы үшін қозғалысқа әсер ететін кедергі күш қандай болуы керек?
|
Дескриптор
-денеге әсер ететін күшті табады
-дененің үдеуін табады
|
Сабақтың соңы.
6 мин
|
Сабаққа керібайланыс береді .
Сабақ соңында оқушылар стикерлер арқылы рефлексия жүргізеді
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
Үй тапсырмасы. Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы, қосымша есептер
|
Оқушылар стикерлер бойынша сабаққа рефлекисия жазады
|
Бірнеше оқушы өз ойымен бөлісіп, оқу мақсатына қалай қол жеткізгені туралы пікір бөліседі.
|
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды
|