Сабақтың тақырыбы: Импульстің сақталу заңы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/3
Дата03.02.2023
өлшемі29,99 Kb.
#64888
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Импульстің сақталу заңы


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР



Бөлім:

Сақталу заңдары

Педагогтің Т. А. Ә.

Қалдыбек Г.Е.

Күні:




Сынып:9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Импульстің сақталу заңы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

9.2.3.2 – импульстің сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:импульстің сақталу заңын біледі;
Басым бөлігі:“дене импульсі” және “күш импульсі” ұғымдарын ажырата біледі;
Кейбір оқушылар:импульстің сақталу заңын тұжырымдап,оны есептер шығаруда қолдана біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі / уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Үй тапсырмасын сұрау


6 минут

Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.Дайындықтарын қадағалау.
Өткенге шолу” Доп лақтыру” әдісі арқылы оқушыларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.
1)Дене импульсі дегеніміз не?Өлшем бірлігі?(дененің массасы мен жылдамдығының көбейтіндісіне тең шама)
2)Қандай шаманы күш импульсі деп атайды?(күштің уақытқа көбейтіндісіне тең шама)
3)Импульс түріндегі Ньютонның екінші заңын тұжырымдаңдар?()
4)Импульстің сақталу заңы?(m1ν1+ m2ν2 = m1ν1+ m2ν2)
5)Қандай денелер жүйесі тұйық деп аталады?(тұйық жүйе үшін әрекеттесу кезіндегі дене импульстерінің геометриялық қосындысы тұрақты шама болып табылады)

Сабақта білімін көрсетеді.Оқыған материалды есте сақтайды,еске түсіреді,қайталайды



Дискриптор:
- Дене импульсін біледі;
- Күш импульсінің формуласын жазады;
- Импульс түріндегі Ньютонның екінші заңын тұжырымдайды;
- Импульстің сақталу заңын біледі;
- Тұйық жүйе үшін импульстің сақталу заңын біледі.

Слайд

Ой қозғау
2минут
Жаңа білім беру
12 минут

Проблемалық сұрақтар
3минут

Оқушыларға суреттер көрсетіледі және жетелеуші сұрақтар қою арқылы жаңа тақырып ашылады.

Екі немесе оданда көп дене бір-бірімен өзара әрекеттескенде, сан алуан өзгерістер болуы мүмкін.Мысалы, зеңбіректен салют снарятарын атқанда, оның сынықтары жан-жаққа ұшады да, бұрынғыдан еш нәрсе қалмайтындай көрінеді. Сынықтардың түсі, пішіні,орны және жылдамдықтары өзгереді. Алайда осы құбылыстарда кейбір шамалар(импульс)сақталады да және олар басқа өзгеретін шамаларға шектеулер қояды. Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде сақталатын шамаларды табуға бізге Ньютонның заңдары көмектеседі.


Жылдамдықтары ν 1,ν 2 ал массалары m 1,m 2 болатын 2 шар өзара әрекеттессін делік. Өзара әрекеттесу күштері Ньютонның үшінші заңымен байланысады.
Мұндағы және — шарлардың бастапқы жылдамдықтары / және шарлардың өзара әрекеттескеннен кейінгі жылдамдықтары ∆t-өзара әрекеттесу уақыт аралығы.Өрнекті түрлендіріп аламыз:
m 1ν1+m 2ν2=m 1ν ́1 +m 2ν ́2
немесе
P 1+P 2=P 1́+P 2́

Неліктен үлкен жылдамдықпен жерге қарай секірген адамның жарақат алу қаупі бар?



Оқушылар бүгінгі сабақта қандай заңдылықты өтетінімізді анықтайды.

Үлкен жылдамдықпен секірген адам жерге аз уақытта жетеді.Демек,импульс нөлге дейін аз уақытта азаятындықтан,аяқтың сүйектеріне үлкен зақым келуі мүмкін.



Дискриптор:
-Бір мезгілде әртүрлі қозғалатын өзара әсерлесуін біледі;
-Жүйе денесіне сыртқы денелер тарапынан әсер ететін сыртқы күшті біледі;
-Сыртқы күштер әсер етпеген жағдайда жүйедегі денелер бір-бірімен ішкі күштер арқылы ғана әсерлесетінің біледі;

Слайд


Слайд

Слайд






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет