Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№2-тапсырма:
Ғаламтор материалдарынан ұлттық брендке айналған отандық тауарларды анықта. Олардың бірі туралы «Қазақстандық бренд» тақырыбында жарнама мәтінін жаз.
|
«Қазақстандық бренд»
тақырыбында жарнама мәтінін жазады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-жарнама мәтінін жазады.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
«Түртіп алу» әдісі.
|
№3-5-тапсырма.
Мәтінді тыңда. Мәтін мазмұны бойынша нанотехнологиялардың болашақ отандық өндіріске әкелетін пайдасы туралы диалог құрыңдар.
|
Мәтінді тыңдайды. Мәтін мазмұны бойынша нанотехнологиялардың болашақ отандық өндіріске әкелетін пайдасы туралы диалог құрады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-диалог құрады.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
|
№6-тапсырма:
Мәтінді оқып, тезис жаз.
|
Нұрсұлтан Назарбаев туралы мәтінді оқиды. Өз ойын қорытындылап, тезис жазады.
|
|