«Қалайша тиынды стақанға түсіруге болады?» Үстел үстінде суы бар стакан. Стаканның бетінде карта. Карта үстінде тиын тұр. Тиынды қолмен ұстамай қалайша стақанның ішіне түсіруге болады?
Жауабы: Картаны саусақпен жылдам, әрі бар күшпен шертіп қаламыз. Бұл кезде тиын жылдамдық алып үлгермейді, яғни жылдамдығын сақтау құбылысы-инерцияның әсерінен стакан ішіндегі суға түседі.
«Қалайша қағазды аламыз?» Ұзын парақ қағаздың үстінде суы бар банка тұр. Банканы орнынан жылжытпай қалайша қағазды алуға болады?
Жауабы: Қағаз парағының бір жақ шетінен ұстап, жылдам тартып қалу керек. Инерцияның әсерінен банка мен оның ішіндегі су жылдамдық алып үлгермейді, яғни қозғалысқа түсіп үлгермейді.
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
Топтық жұмысқа арналған ресурстар
Кері байланыс
Аяқталуы
Сабақты бекіту
15 минут
Ой қорыту «Таңда да таста»әдісі
Оқушылар қолына қағаз беріледі.
1.Инерция дегеніміз не?
2.Инерция мен инерттілік айырмашылығы?
Әркім өз ойын ақ параққа жазып,қағазды умаждап бір-біріне лақтырады.5секундттан кейін бір-біріне лақтыру тоқтаталып,алдына түскен қағазды алып оқып,келісетінін,не келіспейтінін айтады.
Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.
Бағалау
Уйге тапсырма
1. Инерция деген не?
2. Дене неге лезде тоқтай алмайды?
3. Сүрінген кезде адам қалай құлайды?
4. Балға саптау құбылысын қалай түсіндіруге болады?
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып смайликтерге жабыстырады