Сабақтың тақырыбы: «Информатика а қпараттар ғылымы»



Дата13.06.2023
өлшемі17,2 Kb.
#100836
түріСабақ
Байланысты:
Информатика ақпараттар ғылымы


«Информатика ақпараттар ғылымы» атты сыныптан тыс шара
Сабақтың тақырыбы: «Информатика ақпараттар ғылымы»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
б) тәрбиелік: Өз білімдерін дамытуға, бір - бірін құрметтеуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Жабдықталуы: Компьютерлер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд презентация, кеспе қағаздар.
Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
2). «Информатика ақпараттар ғылымы» атты сыныптан тыс шара
жоспарын таныстыру.


АЙЗЕРЕ
Жарыс кезеңдері:
І. “Бәйге” (Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады.
Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).
ІІ. “Тіл - өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).
ІІІ. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
ІV. «Информатика әлемінің көшбасшысы» оқушысын анықтау
V Марапаттау
АЙСАУЛЕ
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан
«Информатика ақпараттар ғылымы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгін біздің сіздермен бірлесе отырып, «Информатика әлемінің көшбасшысы» оқушысын анықтаймыз. Ол үшін біздің түрлі сайс ойындарымызға қатысып, көп ұпай жинайды оқушы «Информатика әлемінің көшбасшысы» атанады. Ал ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып іс-шарамызды бастаймыз.
АЙЗЕРЕ
Алдағы біз баратын бағыт анық,
Ұшқыр ойлы екендігіңді тағы таныт.
Информатика әлеміне аяқ басып,
Компьютер тілінде біз жарысалық.
І. “Бәйге” (Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады,әр сұраққа 1 ұпайдан беріліп отырады) қол көтеріп жауап береміз.

1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны. (файл)


2. Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? (себет)
3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)
4. Компьютердің басты бөлігі, миы (процессор)
5. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік (байт)
6. Монитор мен адамның арақашықтығы неше см? (60-70)
7. 1М байтта қанша К байт бар? (1024).
8. Буып-түйілген файл (архив)
9. Енгізу пернесі? (enter)
10. Word Pad қандай редактор? (мәтіндік редактор)
АЙСАУЛЕ
Қойылған жұмбақ сөздерге,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Қатесін анықтап берейік.


ІІ. “Тіл - өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).
Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор - монитор)
Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі - пробел - blank)

Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл)

Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - keyboard)

Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus)

АЙЗЕРЕ
Жарысайық сайыста,


Кімнің ойы мықты екен?!
Кімнің күші аздау боп,
Кім озып алға шықты екен.

ІІІ. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).Бұл жерде адасқан әріптерден құралған информатикаға қатысты сөздер беріледі.Әріптерді құрастырып дұрыс сөзді табу керек.
Нимотор ----------- Монитор
Пьюромтек ------- Компьютер
Енрепатқат -------- Пернетақта
Лайф ---------------- Файл
Рльоукятакл ------ Калькулятор
Атқсуа -------------- Сақтау
Блко үжлйекі------------------Жүйелік блок
Дңеөу -------------- Өңдеу
Млтогира ---------- Алгоритм
Ықшнат----------------Тышқан
Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды шоу «Информатика ақпараттар ғылымы» сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет