Сабақтың тақырыбы: Интеграцияның пайдасы. Лексикалық норма. Сабақ негізделген оқу мақсаты



бет4/4
Дата18.10.2022
өлшемі70,92 Kb.
#43754
түріСабақ
1   2   3   4
Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

Топтық және жеке жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.
Барлық оқушылар БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала біледі, сілтеме жасау жолдарын біледі.
Оқушылардың көпшілігі «Кубизм» әдісі арқылы оқылым мәтінінде алынған ақпараттарға байланысты сұрақтар құрастырады.
Кейбір оқушылар берілген мәліметтерді қорытындылай отырып, «Біз дамыған елдердің шаңын жұтуға емес, көшін бастауға ұмтылған елміз» деген сөйлемдегі ойды өрбітеді.
Оқу мақсаттарын іске асыруда оқылым стратегияларын қолдана отырып, мәтінмен танысады.

Сабақ барысында оқушылардың ішкі уәжін арттыру үшін бірнеше қалыптастырушы бағалаудың түрін пайдаланамын: «Қол шапалақтау», топтық жұмыста оқушылардың өз жетістіктерін қалай сезінетінін көрсету мақсатында «Бас бармақ» арқылы бағаланады. Жеке жұмыс кезінде сұраққа қаншалықты дұрыс жауап бергенін бағалау үшін смайликтің түрлері пайдаланылады.

Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе қолданылмай-ды

Жоспарлаудағы рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
- Бүгін оқушылар не білді?
- Сыныптағы ахуал қандай болды?
- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақ мақсаттары сабақ тақырыбына сәйкес. Оқушылардың дағдыларын қалыптастыруда тиімді. Оқушылар негізгі мәліметтермен толық танысады.
Жоспарланған саралау шаралары оқушылардың қызығушылығын арттырып, білімді бекітуге ықпал етеді. Әр түрлі тиімді әдістерді пайдалана отырып, тапсырмаларды жоспарладым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет