Барлық оқушылар: ықтималдықтың статистикалық анықтамасын біледі;
Оқушылардың басым бөлігі: оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға, қолайлы нәтижелер, тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар ұғымдарын тұжырымдайды;
Кейбір оқушылар: ықтималдықтың классикалық анықтамасын біледі және есептер шығару үшін оны қолданады;
Бағалау критерийлері
- ықтималдықтың статистикалық анықтамасын біледі;
- оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға, қолайлы нәтижелер, тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар ұғымдарын тұжырымдайды;
- ықтималдықтың классикалық анықтамасын біледі және есептер шығару үшін оны қолданады;
Құндылықтарға баулу
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: оқиға, ақиқат,кездейсоқ оқиға, элементар , элементар емес оқиғалар,ықтималдық,статистика,анықтама
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
Өрнекті ықшамдау деген не?
элементар және элементар емес оқиғаларды...
тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар ұғымдары...
ықтималдықтың статистикалық анықтамасы...
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту.
Ұжымдық жұмыс.
5 мин.
а) Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлемдесу,түгелдеу,кеспе қағазға (1,2,3,4)сан жазып , соны таңдау арқылы топқа бөлу.
Үй тапсырмасын өзін-өзі тексеру әдіспен бағалау.(A,B,C арқылы бағалайды)жауаптар тақтада көрсетіледі.
Сабақ мақсатын оқушылармен бірге ашу.
Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
«Тарсио »әдісі бойынша формулаларды сәйкестендіреді(формуланың берілуі мен жауабы қиып бөліп тасталынған)
Sin2a+cos2a=…
Ctga=…
Sina/cosa=…
1+tg2a=…
1+ctg2a=…
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»