Сабақтың тақырыбы: Қиял Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/3
Дата22.05.2023
өлшемі1,37 Mb.
#95991
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
кмж психология


Бөлім: 2 (танымдық процестер)



Жезқазған гуманитарлық колледжі

Педагогтың аты-жөні

Тоганасова М.С.

Күні:

03.05.2023ж

Топ: БМ-29

Қатысушылар саны: 19

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қиял

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

Білім алушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру және дамытуға ықпал ету.

Сабақтың мақсаты:

Барлық студенттер: Білім алушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру және дамытуға ықпал ету.
Тақырыпқа байланысты термин сөздердің аудармасын біледі. Қиял туралы жалпы түсінік бар.
Көпшілік студенттер: тақырып бойынша презентация және сұрақтар құрап жеке жұмыс жасай алады.
Кейбір студенттер: тест жұмысын құрай алады.

Сабақтың барысы:

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі
5 мин
Өткенге шолу
10 мин

1.Ұйымдастыру: Студенттермен амандасу, түгендеу, аудиторияда психологиялық ахуал жасау.
Кубик-рубик әдісі арқылы студенттердің көңіл-күйін көтеру, сабаққа дайындау.



2.Өткен тақырыпты сұрақтар арқылы талқылап шығу. Quizizz бағдарламасы бойынша және топпен презентация қорғау.

1.Студенттер мұғаліммен амандасады.
Өз көңіл-күйлерін білдіреді.

Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Үйге берілген тақырыпты топпен қорғайды





Мадақтау

Презентация, пазл

Ноутбук және ұялы телефон



Сабақтың ортасы
2 мин
Жаңа сабақ
13 мин

2 мин

Пазл. Қиындыларды біріктіре отырып, фантастикалық әлемнің суретін құрайды. 3 топқа бірігеді және сурет бойынша түсініктерін айтады.



Жаңа тақырыпты түсіндіру, ой бөлісу.
Қиял дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субьективтік образдарын қайтадан жаңартып өңдеп бейнелеуде көрінетін тек адамға тән психикалық процесс. Қиялдың түрлері. Қиял екіге бөлінеді: ырықты (актив) қиял, ырықсыз (пассив) қиял.
 Ырықты (актив) қиял
Қиялдың бұл түрі - адамның саналы түрде мақсат қоюымен байланысты образдардың әдейілеп жасалуы.Қиялдың мұндай белсенді түрі балалардың ойнау әрекетінен де байқалады. Ырықты актив қиял үшке бөлінеді: қайта жасау, шығармашылық, арман.
Шығармашылық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, галымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялга жатады. Шығармашылық қиял — қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын.
Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мүның шығармашылық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі.
 Ырықсыз (пассив) қиял
Қиялдың бұл түрі-адам алдына ешбір мақсат қоймай,басындағы елестердің ағытылып жатуын бақыламаған кезде туатын формасы. Мұндай қиял жеткіншектерде жиі кездеседі.
Қиялдың бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру.
Түс көрудің физиологиясын жан-жақты түсіндірген И.П. Павлов. Бұл – дәстүр сабақтастығы. Яғни, қиял адамның ырқынан тыс болады. Қиялдың өз ғылымда дамымай тұрған кезде түс көріп, жору арқылы бағыт-бағдар беріп отырған. Мысалға алатын болсақ,
1) Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.
2) Жылаған болса – өңінде қуанады.
3) Алма жесе - өңінде тілегіне жетеді.
4) Пышақ қайраса - қауіп-қатер болады.
5) Аттан құлап қалса -қатерге кездеседі.
Түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең бастысы – түсті тек жақсылыққа жору керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет