Сабақтың тақырыбы: «Қиял» Сабақтың мақсаты



бет4/5
Дата06.01.2022
өлшемі2,72 Mb.
#14503
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
психология о.ә2

Шығармашылық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, галымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялга жатады. Шығармашылық қиял — қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын.

Актив қиялдың ерекше бір түрі арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мүның шығармашылық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі.

  • Ырықсыз (пассив) қиял

Қиялдың бұл түрі-адам алдына ешбір мақсат қоймай,басындағы елестердің ағытылып жатуын бақыламаған кезде туатын формасы. Мұндай қиял жеткіншектерде жиі кездеседі.

Қиялдың бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру.



Түс көрудің физиологиясын жан-жақты түсіндірген И.П. Павлов. Бұл – дәстүр сабақтастығы. Яғни, қиял адамның ырқынан тыс болады. Қиялдың өз ғылымда дамымай тұрған кезде түс көріп, жору арқылы бағыт-бағдар беріп отырған. Мысалға алатын болсақ,

  1. Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.

  2. Жылаған болса – өңінде қуанады.

  3. Алма жесе - өңінде тілегіне жетеді.

  4. Пышақ қайраса - қауіп-қатер болады. 

  5. Аттан құлап қалса -қатерге кездеседі.
    Түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең бастысы – түсті тек жақсылыққа жору керек.



Тапсырма 
- Студенттер, «Кешегі қиял-бүгінгі шындық» тақырыбына өз қиялдарыңдағы сурет салыңдар. Суреттегі бейнелердің бүгінгі күндегі көріністерін атаңдар. 

- Енді, студенттер, тақтадағы «Армансыз адам болмайды» деген халық даналығына назар аударамыз. Бұл сөйлемнің мәніне тереңірек тоқталып кетейік (2-3 студенттердің ойын тыңдау).

1) Адам қиялы іс жүзіне қалай асады деп ойлайсыздар? 
2) Өздеріңнің армандарың туралы айтып беріңдер. 
Сонымен, қиял - шексіз, ол адамның әр нәрсені ойлап табуға бейімділігі. Арман-адамның болашақтағы қиялының іске асуы. Жақсы қиял ізгі адами қасиеттерден пайда болады. Мысалы: Отанның тыныштығы, өмірдің қызықты, сәтті, бақытты болуы. Әр адамның қиялы әр түрлі және ол шексіз. Қиял адамның ойын, болашаққа деген көзқарасын өзгертіп, дамытады. 

Тест. "Сізде қиял бар ма?"





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет