5.Т/А3.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.
5.О3.Хат,хабарлама,жарнама,нұсқаулық,хабарландырудың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
5.ӘТН4.2.Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,негізгі және қосымша ақпаратты анықтай алады.
Көпшілік оқушылар үшін:
Хат,хабарлама,жарнама,нұсқаулық,хабарландырудың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырата алады.
Кейбір оқушылар үшін:
Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдана алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.