Бөлім
|
7.1АХимия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар
|
Педагогтың аты – жөні
|
Маратова Люба Шыманайқызы
|
Күні:
|
18.10.2023
|
Сынып
|
7
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қыздыру үдерісі. №5 зертханалық тәжірибе
«Судың қайнау үдерісін зерттеу» БЖБ №2 «Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі»
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары
|
7.1.1.6 -судың қайнау үдерісін зерделеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясын пайдалана отырып, өз бақылауларын түсіндіру
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар үшін:
Судың қайнау үдерісін анықтайды
Көпшілік оқушылар үшін:
Қыздыру қисығын салу және оны сипатайды
Кейбір оқушылар үшін:
Бөлшектердің кинетикалық теориясын пайдаланады
|
С а б а қ б а р ы с ы:
|
Сабақтың кезеңі/
Уақыты
|
Педагогтың іс -әрекеті
|
Оқушының іс – әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Ой қозғау
Мұғалім фронтальді сұрақ қою жүргізеді:
Заттың сұйық күйден газтәрізді күйге айналу үрдісі қалай аталады?
Бу түзілудің қандай түрлерін білесіздер? (бу қалай түзіледі?) Бір-бірінен айырмашылықтары неде?
|
Оқушылардың болжалды жауабы:
Булану, қайнау, бу түзу
Мұғалім оқушыларды дәптерлеріне бу түзілудің анықтамасын жазуды сұрайды:
Бу түзу – бұл сұйық (немесе қатты) агрегаттық күйден газ күйіне айналу үрдісі.
Кез келген оқушылар жұбының болжалды жауаптары:
бу түзудің 3 түрі бар: 1) қайнау, 2) булануе, 3) сублимация
Қайнау белгілі бір температурада және сұйықтықтың барлық көлемінде орын алады.
Булану әртүрлі температураларда және сұйықтықтың бетінде жүреді.
|
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
|
Тақта, маркер, ноутбуктер, интернет
|
Сабақтың ортасы
|
Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
|
1.Таза су қандай температурада қайнайды?
2. Суға ас тұзын қосқанда қайнау температурасы қалай өзгереді?
Бүгін біз зертханалық тәжірибе жүргіземіз, алдымен сіздер мына ақпаратқа негізделе тақырыпты атасаңыздар:
Мұғалім ақпарат таратады:
Бұл үрдіс дезинфекциялаудың (зарарсыздандыру) тәсілдерінің бірі болып табылады. Бұл үрдіс энергияның шығынын талап етеді. Су осы үрдіс кезінде сәйкесінше дыбыс шығарады және күйік тудыру мүмкін.
|
Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
|
|