Қысқамерзімді жоспар №15-сабақ Сабақтың тақырыбы: Сөз сыны
Бөлім:
IX бөлім. Сөз мәдениеті және шешендік өнер. Пунктуация
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы: 10
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Сөз сыны
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
10.3.7.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөледі.
Көпшілік оқушылар үшін: Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөліп, ойын дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізеді.
Кейбір оқушылар үшін: Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөледі, ойын дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізеді және редакциялайды.
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
2.Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудашаттық шеңберіжүзеге асырылады.
Шеңбер бойынмен тұрған оқушыларға тапсырма:Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
3.Оқушыларды топтарға біріктіру.
Конфеттер арқылы 2 топқа бірігеді.Оқушыларға 2 түрлі конфет таратылады. Өздерінің қалаған конфетін алып топтасады.
Мақсаты:Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар: 1.Сөз сыны дегеніміз не?
2.Сөз сынын қалай анықтайды.
Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.