Қысқамерзімді жоспар №11-сабақ Сабақтың тақырыбы: Сұлу сөз
Бөлім:
IX бөлім. Сөз мәдениеті және шешендік өнер. Пунктуация
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы: 10
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Сұлу сөз
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
10.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу;
10.3.7.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын біледі.
Көпшілік оқушылар үшін: Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөліп, ойын дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізеді.
Кейбір оқушылар үшін: Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөліп, ойы дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізеді, редакциялайды.
Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
Топтастыру.
Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I – Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Фигуралар салынған конверт
Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар: 1.Сұлу сөз дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Шешендік өнер тума қасиет пе? Неліктен?
Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.