Барлық оқушылар үшін: БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала біледі.
Көпшілік оқушылар үшін: БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын біледі.
Кейбір оқушылар үшін: БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын қолданады.
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы»әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.
ә). Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
б). Топтастыру.
Оқушылар мұғалімнің нұсқауы бойынша екі топқа бірігеді.
І-топ:
ІІ-топ
Топтың ережесі: ТҚЕ сақтау.
Топ басшысына бағыну.
Белсенді болу.
Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.
Уақыт шегінде жұмыс жасау.
Мақсаты:Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар: 1.Сөз дәлдігі дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Сөздің дәлдігін қалай анықтауға болады?
Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.