Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Оқушылар “Ортағасырлық қай ғұламаларды білесіңдер? Бүгінгі таңда
олардың сөздері қандай мәнге ие деп ойлайсыңдар?”-деген сұраққа жауап іздей отыра, шағын мәтін жазады.
|
Дескриптор:
-Сұраққа жауап іздейді.
-Шағын мәтін жазады.
Жалпы-5 балл
|
Құлаққап. ДК.
|
Жеке жұмыс
|
Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, «Үшбу хат» әдісімен
сабақтан алған әсерлерін достарына хат түрінде жазады.
|
Дескриптор:
-Көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданады.
-Достарына хат жазады.
Жалпы-5 балл
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|