Ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау
1 – 5 мин
(W) Жаңа тақырыппен танысу үшін, алдымен жұмбақтарды шешуді ұсыну:
1. Екі басты айдаһар
Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп.
Қағазды жеп қояды. (қайшы)
2. Артық кемдi теңестiрер,
Дәндi де өзi жемес бiрер. (таразы)
3. Жансыз жарады,
Жанды ұрады. (балта)
4. Жетпіс аяқ бауырында,
Екі қолы жауырында,
Тындырады істі ол,
Жеңілін де, ауырын да. (ара)
5. Үй артында бүкір терек,
Күресуге кісі керек. (иінағаш)
Осы құралдардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
Оқушылар ойларын айтады. Осылайша сабақтың тақырыбын табамыз.
Сабақтың тақырыбымен, оқыту мақсатымен таныстыру.
Microsoft Power Point
5 – 15 мин
15 – 35 мин
(W, D) Жай механизмдерге түсінік. Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар жай механизмдер деп аталады.
«Көлбеу жазықтықтар, сыналар, бұрандалар, механизмдер: Пирамидалардың құрылысы, иінтіректер, дөңгелектер, блоктар» бейнефильмдері арқылы жай механизмдердің түрлерін қарастыру.
(W, D) Оқушылардан жай механизмдердің (бірінші және екінші реттік иінтіректер, жылжымалы және жылжымайтын блоктар, көлбеу жазықтық) көмегімен қалай жұмыс атқаруға мысалы, аз күш жұмсап, массасы үлкен жүкті қалай жоғары көтеруге болатынын сұрау. Оқушыларға блок, қайшы т.с.с. жай механизмдерді көрсетіп, жай механизмдер арасында ортақ не бар екендігі туралы болжамдарын ортаға салуды ұсыну. Болжамды тәжірибе арқылы тексеріп,оқушылардың барлық жай механизмдердің айналдырушы күш негізінде жұмыс істейтіндігін және түсірілетін күштің шамасы олардың айналу осінен қашықтық артқан сайын азаятыны туралы қорытындыға келуін қарастыру.
Көлбеу жазықтықтар, сыналар, бұрандалар
https://www.twig-bilim.kz/film/planes-wedges-screws-5774/
Механизмдер: Пирамидалардың құрылысы
https://www.twig-bilim.kz/film/machines-building-the-pyramids-5775/