7.4B Күш моменті
|
108 жалпы білім беретін мектеп
|
Пән: физика
|
Күні: 14.04.2023ж
|
Мұғалімнің аты - жөні: Чемалова М.Е.
|
СЫНЫП: 7
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
|
Жай механизмдер
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.2.4.1 қарапайым механизмдердің қолданылуына баға беріп, «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау
|
Сабақтың мақсаттары
|
Оқушылар:
жай механизм түрлерін ажырата алады;
жай механизмдердің жұмыс істеу принципін түсінеді;
табиғаттағы, тұрмыс пен техникадағы жай механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіре алады.
Механиканың «алтын ережесін» тұжырымдай алады.
|
Бағалау критерийлері
|
Жай механизмнің түсінік бере алады;
Жай механизм түрлерін ажырата алады;
Жай механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіре алады;
Механиканың «алтын ережесін» тұжырымдай алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Арнайы пәндік лексика мен терминология:
жай механизм, иіндік, блок, көлбеу жазықтық, шығыр, сына, бұранда.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Егерде сіз … жасайтын болсаңыз, мен … жасаймын.
Келіңіздер алдымен … жасап алайық, сосын біз … жасай аламыз.
… жасауға қалай қарайсыздар?
Егерде біз…, не болады?
Мен сізбен келісемін/келіспеймін.
Осы идея/ұсыныс жақсы.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ынтымақтастық
Өзіне және өзінің айналасындағы адамдарға деген құрмет
Академиялық шындық
|
Пәнаралық байланыстар
|
Математика
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеу, мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып құрал – жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар 7.2В тарауынан масса, күш, салмақ және олардың өлшем бірліктері туралы білулері тиіс.
|
Жоспар
|
|