Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
-«Жануарлар әдемі» деген күрделі сөз қандай мағына береді?
-Жануарлардың қандай түрлерін білесің?
-Атауларына қандай сөздер негіз болған?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Жұптық жұмыс:
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.
№5-тапсырманы орындатады, қадағалайды, бағыт-бағдар береді.
|
Оқылым: Тиімділігі: Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушыда әдеби сөздік қоры көбейеді, оқу жылдамдығы артады.
Тапсырмада берілген мәтінді оқып шығады. Бір-біріне сұрақтар дайындайды.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
Мәтінді мұқият оқиды.
Жұпта жұмыс жасайды.
Сұрақтар дайындайды.
|
5-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
|
Жеке жұмыс
|
№6-тапсырманы орындатады, қадағалайды, бағыт-бағдар береді.
|
|