s - сымдардың ізделіп отырған қимасы.
Айырым Ur – Uн =△U желідегі кернеу шығыны болып табылады. Мұндай жолмен табылған мән желілердің жақын стандартты қимасына дейін жуықталады.
Көп жағдайда жүктеменің ток күші тұрақсыз болады және кернеу шығынының △U сәйкес өзгерістері орын алады, сол себепті максималды және минималды жүктемелер кезінде атаулы мәннен энергияның қабылдағыш қысқыштарындағы кернеудің ауытқуын есептеу қажет.
ЭҚҚ сәйкес қуат желілерінде (оның ішінде, айнымалы ток желілерінде) сызықтағы кернеудің рұқсат етілетін шығындары қорек көзінен желінің қашықтықтағы нүктесіне дейін қалыпты режимде 5 % аспауы керек, қашықтықта орналасқан жарықтандыру шамдарының кернеуі тұрғылықты ғимараттарда қашықтықтағы жарық шамдарының кернеуінен 5 %-дан (себебі бұл жағдайда шамдардың жарық ағыны 18% төмендейді), ал өнеркәсіп мекеме және қоғамдық ғимараттар шамдары номиналды кернеуден 2,5 %-дан артық төмендемеуі керек.
Қоректеуші жарықтандырушы желінің есептік жүктемесі жарық техникалық есептеу арқылы анықталатын шамдардың орнатылған қуаты мен сұраныс коэффициентінің көбейтіндісіне тең, ол тарату құрылғылары, қосалқы станциялар, кәсіпорынның қойма және қосалқы бөлмелері үшін 0,6 тең болады, зертханалар мен емдеу мекемелері үшін – 0,8, өндірістік үймереттер үшін – 1 тең болады (1-қосымша).
Жарық электрлік қондырғыларының қорегі жекелеген жарықтандыру трансформаторларынан немесе бір мезгілде күш тұтынушылары (электрлік қозғалтқыштар, электрлік дәнекерлеу аппараттары) жалғанған трансформаторлардан беріледі.