Сабақтың тақырыбы: Жарықтандырғыш электр құралдары



бет1/2
Дата06.12.2022
өлшемі27,02 Kb.
#55172
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
1.Жарықтандырғыш электр құралдары


Сабақтың тақырыбы: Жарықтандырғыш электр құралдары.


Жарықтандырғыш электр құралдары деп - аумақтарды, ғимараттарды, құрылыстарды жарықтандыруға арналған арнайы электртехникалық құрылғыларды айтады.
Жарықтандырғыш электрлік құралдар заманауи тұрғын үйлердің, мекемелердің, қоғамдық орындардың және өндірістік кәсіпорындардың қажетті элементі болып табылады, олар тарату құралдарынан және топтық электрлік желілерден, магистралдық құрылғылардан құралады, сонымен қатар, бекіткіш, ұстап тұратын және қорғаныштық құрылымдары болады.
Жарықтандырғыш электр қондырғыларының басты ерекшелігі қолданылатын сызбаларының әр алуандығы мен электр сымдарының жасалу тәсілі, шамдардың құрылымы мен басқа да жарық көздері қасиеттері болып табылады. Қазіргі кезде қуатты электр қондырғыларында автоматика және телебасқару құралдары қолданылады.
Жарық көзінің тағайындалуына қатысты жалпы, жергілікті, аралас, жұмыс және апатты жарықтандыру түрлерін ажыратады.
Жалпы деп - ғимаратты немесе оның бір бөлігін жарықтандыруды айтады.
Жергілікті деп - жұмыс орындарын, заттарды немесе беттерді жарықтандыруды айтады, мысалы, өңделетін бөлшекті немесе токарлық білдектегі қандай да бір затты жарықтандыру.
Аралас жалпы және жергілікті жарықтандыруды қамтиды.
Жұмыс жарығы деп - өндірістік және қосалқы ғимараттардың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті жарық түрін айтады.
Апатты деп - жұмыс жарығы істен шыққанда жұмысты уақытша жалғастыру немесе адамдарды эвакуациялау үшін қажетті жарықты айтады. Апатты жарықтандыру өндірістік ғимараттарда, дәліздер мен баспалдақ алаңдарында орналасады. Апатты жарықтандыру шамдары басқа шамдардан түсі бойынша ерекшеленуі және электр желісіне жұмыс жарығынан бөлек басқа желі арқылы жалғануы керек.
Жалпы, жергілікті, жұмыс және апатты жарықтандырудың электрлік қорегі қалыпты ғимараттарда 127 және 220 В кернеумен, ал арнайы қауіптілігі жоғары ғимараттарда және аса қауіпті орындарда 12, 24, 36 В кернеумен беріледі.
Сонымен қатар, жарықтың тасымалды, күзет және жарықты қоршайтын түрлерін ажыратады.
Тасымалды жарықтандыру тасымалды қол шамдары көмегімен жүзеге асырылады, олардың кернеуі қалыпты ғимараттарда 127 немесе 220 В болса, қауіптілігі жоғары және ашық кәсіпорын аумағында 12 В желі кернеуіне тең болады.
Күзет жарығы күзетілетін аумақтың қоршауының маңайына орнатылады, ол ішкі және сыртқы аумақты бір мезгілде қамтитындай етіп, қоршауға тікелей жанаса есеппен орнатылады.
Жарықпен қоршау жарығы биік ғимараттар мен басқа да құрылыстарға ұшақтардың тәуліктің қараңғы мезгілінде ұшуын қамтамасыз ету үшін орнатылады.
Жарықтандыруға қойылатын басты талап жарықтың қажетті параметрлерін қамтамасыз ету болып табылады, ол жұмыс шарттарымен, оның ішінде, қоршаған нысандар өлшемдерімен, оларды ажырату мүмкіндігімен, олардың түстерімен және фонымен, фонның шағылуы коэффициентімен, қол жетімді және қауіпті заттардың болуымен, жарығы мол шағылысатын беттердің болуымен (электрлік және газ дәнекерлеу, металл балқыту кезінде) анықталады.
Жарықтандыру электрлік қондырғыларын монтаждау барысында жарықтандырудың реттелетін параметрлерін сақтау жұмыс шарттарын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және дайындалатын өнім сапасын арттыруға жағдай жасайды, жұмыскерлердің шаршағыштығының алдын алады, электр энергиясын үнемдейді. Электр энергиясын тиімді пайдалану және жарықтандыру шығындарын төмендету үшін барлық шығарылатын электр энергиясының 10...12% жұмсалады. Ол халық шаруашылығындағы басты міндет болып табылады.
Жарықтандыру электрлік қондырғыларын монтаждау жоба бойынша іске асырылады, мұнда жарық желісі есебі беріледі. Электрлік қондырғыларды монтаждау өндірісіне қойылатын талаптар, оның нормалары мен ережелерін ЭОЕ және ҚНжЕ анықтайды, сонымен қатар, зауыттардың монтаждау нұсқаулары, өндірушілердің нұсқаулықтары да қолданылады.
Кернеу шығынын есептеу өткізгіш материалдардың минималды жағдайында жүзеге асырылады.
Талап етілетін сымдар қимасын есептеу барысында екі сымды желіде әдетте электр энергия көзінің (генератордың) кернеуі Ur, оның жүктемеге дейінгі қашықтығы l, электр энергия қабылдағыштарының қалыпты жұмысы үшін қажет болатын жүктеме қысқыштарындағы кернеу Uн, ток күші I мен жүктеме қуаты Рн да белгілі болады.
Ом заңы бойынша, 1-суретте көрсетілген сызбаға сәйкес:

Ur = I·Rл+I·Rн+I·Rл+Uн





1-сурет. Екі сымды желінің орын ауыстыру сызбасы.

Желі сымдарының кедергісі:



Мұнда: ρ - сым материалының меншікті кедергісі;
2l - желінің жалпы ұзындығы;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет