Сабақтың тақырыбы: Жарықтың химиялық әсері Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



Дата02.05.2023
өлшемі35,95 Kb.
#89026
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспар

Білім беру ұйымының атауы

Б.Шалғынбаев атындағы №217 ІТ-мектеп-лицейі

Бөлімі:

11.3.С Атомдық физика

Педагогтің аты-жөні:

Бекмагамбетова А.

Күні:

13.02.2023ж

Сыныбы:11А

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жарықтың химиялық әсері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.8.1.8 - фотосинтез және фотография үдерісін мысалға келтіре отырып, жарықтың химиялық әсерін сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: жарықтың химиялық әрекетін біледі;
Көптеген оқушылар істей алады: фотосинтездің жүру принципін сипаттайды;
Кейбір оқушылар істей алады: жарықтың химиялық әрекетінің нәтижелерін талдай алады;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин.
«Сөйле микрафон»
5 мин



Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.

Мұғалім үй тапсырмасын сұрау мақсатында бірнеше оқушыға микрафон ұсынып үй тапсырмасын пысықтайды.





Оқушылар фотоэффект құбылысына байланысты сұрақтарға жауап береді.



Дескриптор:


-фотоэффект құбылысын түсіндіре алады; сипаттайды.
Жалпы балл-2

Панель
презентация


11 сынып оқулығы
Қосымша 1

Жаңа сабақ
«Миға шабуыл»
10 мин

Білім дағдысы: Түсіну (D) мұғалім жаңа сабақты түсіндіру үшін «Миға шабул» әдісі арқылы бірнеше сұрақтар қояды.
• Жарық ол толқын немесе бөлшек пе?
• Жарықтың толқындық қасиеттері туралы айтыңыз.
• Жарықтың бөлшектердің туралы айтыңыз.
• Фотосинтез туралы не білесіз?
Мұғалім оқушы жауаптарынан кейін презентация көмегімен фотосинтез құбылысын түсіндіреді.

Оқушылар жарық бөлшектері туралы алдыңғы сабақтағы білімдерін еске түсіреді. Фотосинтез құбылысын сипаттайды.

Дескриптор:
-жарықтың дуализм қасиетін ажыратып сипаттайды.

презентация
11 сынып оқулығы



Сабақтың ортасы.
Жеке жұмыс
10 мин

Білім дағдысы: Білу (Р)
Белсенді оқыту: «Білгеніңмен бөліс» әдісі арқылы 1 – тапсырмада
оқушылар фотосинтез және фотография тақырыбында материал жинап, шағын постер дайындайды.

Оқушылар оқулық және қалта телефондарын пайдаланып жарықтың химиялық әсерін сипаттауға ақпарат жинақтайды.

Дескриптор:
- жарықтың химиялық әсерін сипаттайды;
- жарықтың кванттық теориясына негізделген жарықтың табиғатын түсіндіреді;
Жалпы балл-2

Презентация


Оқулық 11-сынып.
Қалта телефон

Жеке жұмыс
«Жинақ кестесі» әдісі
10 мин



Білім дағдысы: Қолдану (І)
2-тапсырма. «Жинақ кестесі» әдісі арқылы алдыңғы тапсырмада жинаған ақпаратты кестеге толтырады.



Оқушылар фотосинтез және фотография тақырыбында жинаған ақпараттарын кестеге толтырады.

Дескриптор
-фотосинтез құбылысын түсінеді;
Камераның жұмыс жасау принципін біледі;
Жалпы балл -4



Презентация


11-сынып оқулығы.
ДМ қосымша 2



Сабақтың соңы.
Белсенді оқыту: «Кім жылдам» әдісі
5 мин
Рефлексия
3 мин

Білім дағдысы: Білу (І)
Белсенді оқыту: «Кім жылдам» әдісі арқылы оқушыларға экранда көрсетілген бірнеше физикалық шамалардың формуласын жазуға тапсырма беріледі.

Сабақ соңында оқушылар сабақ бойы жасаған жұмыстары бойынша рефлексия жүргізеді. Өздерінің деңгейлерін стикер арқылы тілшеде көрсетіп, арттыру үшін не істеу керектігін жазады.


Үйге тапсырма: шығармашылық 199 бет

Оқушылар аталған физикалық шамалардың формуласын жазып шығады. Мақсаты оқушыларды жылдам еске түсіруге жетелейді.
Оқушылар қиындық тудырған сұрақтарды стикерге жазады

Дескриптор
-фотон массасының, энергиясының, импульсінің формуласын біледі.
Жалпы балл -2



С тикерлер
ДМ Қосымша 3


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет