Сабақтың тақырыбы: «Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы»



бет1/3
Дата26.10.2022
өлшемі177,31 Kb.
#45414
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
сабак жоспары


Бекітемін:
Күні: 20.04.18 жыл
Класы: 8
Сабақтың тақырыбы: «Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы»
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
1. Жарық құбылыстарының жаңа қасиеттерімен танысу, сыну ұғамын қалыптастыру,
сыну заңы мен формуласын үйрету;
2. Оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру;
3. Сыну құбылысының схемалық суретін сала білу;
Дамытушылық:

  1. Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту; бақылау, салыстыру, оқылған

құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасау;

  1. Жаңа білім беру, білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын

қалыптастыру;
Тәрбиелік:
Өзі және топ мүшесі үшін жауапкершілік ала білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: Білім жүйесіне негізделген аралас сабақ.
Көрнекілігі: физикалық құрал-жабдықтар: лазерлік-оптикалық прибор, призма, айналар, «Жарықтың сыну мен шағылуы» презентациясы, суы бар стақан, қасық, ине, суы бар ыдыс.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Сабағымызды ұлы ақын, жазушы А.Байтұрсынұлының сөзімен бастайық:
«Білімді болуға оқу керек,
Бай болуға ақша керек,
Күшті болуға бірлік керек,
Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек»
«Заттар бойынша топқа бөліну»
Олай болса, оқушылар, қане мына қорапқа қолдарыңдағы затты (қалам, дәптер, кітап, карандаш... ) сала қойыңыздар.
Топқа бөлініп отырады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Миға шабуыл» әдісі

  1. Табиғаты ерекше бөлшектер ағыны немесе фотондар (жарық)

  2. Жарық көздеріне нелер жатады? (Күн, жұлдыз, жанып жатқан от, электр шамыныі қызған қылы...т.б)

  3. Жарық жылдамдығы туралы не білесің? (табиғаттағы мүмкін болатын ең үлкен жылдамдық)

  4. Көлеңке дегеніміз не? (жарық көзіне қарама-қарсы жақта пайда болатын қараңғы аймақ)

  5. Күннің тұтылуы? (Ай Жер мен Күннің арасына келуі)

  6. Айдың тұтылуы? (Ай Жердің көлеңкесі аймағына енуі)

  7. Жарықтың шағылу заңы? (түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінде шағылдырушы бетке перпендикуляр бір жазықтықта жатады)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет