Тілдік мақсаттар
|
Пән лексикасы және терминология:
Магнит, жасанды магнит, табиғи магнит, соленоид, магнит өрісі, электромагнит.
Kazakh
|
Russian
|
English
|
Магнит өрісі
|
Магнитное поле
|
Magnetic field
|
Магнит
|
Магнит
|
Magnet
|
Соленоид
|
Соленоид
|
Solenoid
|
Электромагнит
|
Электромагнит
|
Electromagnet
|
Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері
Магниттердің табиғи және .... Жасанды магниттердің жұмыс істеу.... Электромагнит техникада.... Соленоидтың магнит....
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жасау)
Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Математика. Техника.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Видеоматериалдармен жұмыс:
https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/magnit-orisi/lesson/otkizgishter-tudyratyn-magnit-orisi
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Магнит өрісі. Оң қол ережесі. Сол қол ережесі. Түзу тогы бар өткізгіштің магнит өрісі.
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)
|
Дереккөздер
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу.
Мұғалім оқушыларды үш топқа бөлу үшін олардың алдыларына суреттің қиындыларын ұсынады. Әр оқушы бір қиынды алу қажет, оқушылар үш суретті қиындылары бойынша құрап шығуы керек.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында activity
(«Миллионер ойыны») ұйымдастырылады.
Ойынның шарты. Оқушылар қойылатын сұрақты білмей тұрып сол сұраққа ақша тігеді, егер сұраққа дұрыс жауап берсе мұғалім оларға өздерінің тіккен ақшаларын береді, ал егер сұраққа дұрыс жауап бермесе, онда сол тіккен ақшаларын алып алады. Ойынның соңында көп ақша жинаған топ жеңіске жетеді.
|
[ Қосымша 1]
[Қосымша 2]
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа сабақ.
Мұғалім оқушыларды үш топқа бөледі. Бұл оқушылардың «жанұялық топтары». Жанұялық топтағы оқушыларды нөмірлейді. 1 нөмірлі оқушылар бір топқа, 2 нөмірлі оқушылар келесі топқа және 3 нөмірлі оқушылар келесі топтарға жиналады. Жаңа тақырыпқа сәйкес берілген ақпаратты мұғалім кейіннен пайда болған үш топқа таратады. Олар ақапартты оқиды, талқылайды, бір-біріне сұрақтарын қояды. Енді бұл топтағы оқушылар өздерінің жанұялық топтарына қайтады. Жанұялық топтарында тақырыпты толықтырып талқылап, талдайды. Әр топтан бір спикер шығып жаңа тақырыпты қысқаша түсіндіреді. Басқа топтың мүшелері оларды бағалайды.
Мұғалім оқушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, презентация көрсету арқылы сабақты толықтырып түсіндіреді.
Эксперименттік тапсырма №1 . (Қалыптастырушы бағалау)
Оқушылар бұл тапсырманы жұппен орындайды.
Тапсырманың мақсаты: жасанды магнитті эксперимент түрінде жинау және оның қолданысын түсіндіру.
|
ДЖИГСО әдісі
[Қосымша 3]
https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/magnit-orisi/lesson/otkizgishter-tudyratyn-magnit-orisi
Презентация
https://www.youtube.com/watch?v=Qx66hfpSL-Y
[Қосымша 4]
|
Сабақтың соңы
|
Эксперименттік тапсырма №2. (Қалыптастырушы бағалау)
Қосымша есептер
|
|