Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштар өз таңбаларымен жазыладыа + (–b + с – d)=а–b +c–d 1-мысал. 14+(–a+3–b)=14–a+3–b=17–a–b
Жақша алдында «–» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама-қарсы таңбамен алмастырылады
а – (b – с + d) = а – b + c – d 2-мысал. 9–(–m+3–n)=9+m–3+n=6+m+n
Коэффициент
Егер өрнек сан мен бір немесе бірнеше әріптің көбейтіндісі болса, онда санды коэффициент деп атайды 3-мысал. –9а ⋅ (–3b) ⋅ c өрнегінің коэффициентін табайық. –9a ⋅ (–3b) ⋅ c=(–9) ⋅ (–3) ⋅ abc=27abc, мұндағы 27 саны 27 abc өрнегінің коэффициенті
Тракторшылардың бірінші бригадасы күніне a га жер жыртса, екінші бригадасы күніне 18 га жер жыртты. Тракторшылардың екі бригадасы қатар жұмыс істесе, 3 күнде неше гектар жер жыртады? Мұндағы a=24.
Берілгені:
І бригада – а га
ІІ бригада – 18 га
Табу керек: Барлығы - ?
Шешуі:
3(а+18)=3(24+18)=126
Жауабы: 126 га
Тапсырма
№674
Бір жәшік алмұрт 9 кг, ал бір жәшік алма одан x кг ауыр. 2 жәшік алмұрт және 2 жәшік алма неше килограмм? Мұндағы x=3