:«Ойлан тап » әдісі бойынша тапсырма беріледі.
Қалыптасатын дағды: ақпаратты басқарады, бірлескен жұмыс, ойлау, шешім қабылдау, креативтілік.
Тең бүйірлі АВС үшбұрышының АВ және ВС қабырғалары тең. ЕD орта сызығы АС қабырғасына, ал DҒ орта сызығы АВ қабырғасына параллель. ВЕD және DҒС үшбұрыштарының тең екенін дәлелдеңдер.
Дескриптор:
есептің берілгеніне байланысты шартын құрады;
шарты бойынша сызбасын сызады;
үшбұрыштың орта сызығының қасиеті бойынша үшбұрыштардың тең екенін дәлелдейді
ҚБ:«Жұлдызша»әдісі бойынша бағаланады. Дұрыс жауап – үлкен жұлдызша, маңызды емес қатесі бар – орташа жұлдызша, қатесі бар – кішкене жұлдызша.
Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады.
http://expert.atamura.kz/kz/books/490#page/99
Сабақтың аяғы
: «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша
мәтінмен жұмыс (оқушыларға оқулықтағы мәтін бөліп беріледі, мәтінді оқып топ ішінде талқылайды, постер жасап тақтаға шығарады)
Қалыптасатын дағды:ақпаратты басқарады, бірлескен жұмыс, ойлау, шешім қабылдау,проблеманы шешеді, креативтілік.
АВС үшбұрышы берілген. Е – АС қабырғасының ортасы, Ғ – Вс қабырғасының ортасы. АВ=12 дм болса, үшбұрышының ЕҒ орта сызығын тап. C
Дескриптор:
1. Есептің берілгеніне байланысты шартын құрады;
2. Есептің шарты бойынша сызбасын сызады
3. Үшбұрыштың орта сызығын табады