Сабақтың тақырыбы: Желі қауіпсіздігі және қорғау Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет5/7
Дата06.01.2022
өлшемі3,19 Mb.
#12563
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
2-тапсырма

Егер желі маскасы 255.255.252.0 және компьютердің желідегі IP-адресі 226.185.90.162, онда желідегі компьютердің реттік номері _______тең?



Жауабы: 674
Шығарылуы:

1. Желі маскасындағы екі октет (октет – 8 биттен тұратын масканың саны) 255-ке тең болғандықтан, екілік жүйеге ауыстырғанда 24 бірлік болып жазылады, демек алғашқы екі октет желі адресін анықтайды.

2. Желі маскасындағы 252 және 0 сандарын екілік жүйеге ауыстырамыз.

25210=111111002,

010= 000000002.

3. IP-адрестің соңғы екі октетін екілік жүйеге ауыстырамыз.

9010 =010110102

16210 =101000102

4. Желідегі компьютердің маска мен адрестің екі соңғы октеттерін жазып шығамыз:

11111100 00000000

01011010 10100010

10 10100010

Қою түспен бізге керек сан белгіленген 0 санынан басталатын бөлікті астыңғы санға қосамыз, яғни 10101000102=67410
3-тапсырма

Кейбір ішкіжелілерге 255.255.248.0. маскасы қолданылады. Бұл маскаға компьютердің неше адресі қолданылады? Ескерту: Практикада компьютерді адрестеу үшін екі адрес қолданылмайды: желі адресі мен кеңарналы адрес.

Жауабы: 2046

Шығарылуы:


  1. Маскадағы екі октет 255-ке тең, олар желінің адресі. Екілік жүйеге аударғанда 16 бірлік болады.

  2. 24810= 111110002. Соңында 3 ноль, тағы 8 ноль масканың соңғы октетінен аламыз. Сонымен, 3+8=11 ноль компьютердің адресі болады.

  3. 211=2048, екі адрес қолданылмағандықтан, 2048-2=2046

4-тапсырма

Қылмыс болған жерде 4 бөлік қағаз табылды. Тексеріс бойынша IP-адрестің фрагменттері екені белгілі болды. Тексерушілер бұл бөліктерді А, Ә, Б және В деп әріптермен белгілеген. IP-адресті қалпына келтіріңіз.

Жауабы: БӘВА


Шығарылуы:

IP-адрес 4 байттан тұрады. Әр байт 255-тен аспайды.

А бөлігіy бірінші орынға қоя алмаймыз, себебі адрес нүктеден басталмайды.

В бөлігінен кейін Ә бөлігін қоя алмаймыз, себебі 255-тен аспау керек. Демек Ә бөлігін Б бөлігінен кейін қоямыз. А бөлігінен кейін В бөлігін қоя алмаймыз, себебі 255-тен аспау керек. Сонымен [16] [2.16] [8.32] [.64]

162.168.32.64, яғни БӘВА.
5-тапсырма

test.edu серверінде HTTP хаттама бойынша кіруге болатын demo.net файл орналасқан. Берілген файлдың адресінің фрагменттері А, Б ... Ж әріптерімен кодталған (кестені қараңыз). Берілген файлдың интернеттегі адресін кодтайтын әріптердің тізбегін жазыңыз.




A

test

Б

demo

В

://

Г

/

Д

http

Е

.edu

Ж

.net

Жауабы: ДВАЕГБЖ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет