Ферменттер белсенділігіне әсер ететін факторлар мен жағдайлар: рН; температура; субстрат концентрациясы, фермент ингибитор және активатор. Зертханалық жұмыс «Ферменттер белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың әсері»
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
10.1.2.1 - әр түрлі жағдайлардың (температура, pH, субстрат пен ингибитор концентрациясы
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар зертханалық жұмысты орындайды.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3. Оқушыларды топтарға біріктіру.
Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.
1 топ: Кітап
2 топ: Дәптер
3 топ: Қаламсап
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.