Сабақтың тақырыбы: Жердегі тіршілік үшін судың маңызы Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет22/108
Дата27.10.2022
өлшемі25,3 Mb.
#45767
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   108
Тексерілді:_________________

Бөлім:

10.1
Молекулалық биология және биохимия

Педагогтің аты-жөні:

Кадирова Т

Күні:

14.09.2022ж

Сыныбы: 10ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Липидтердің құрылымдық компо-нен-тері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.4.1.4 - майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін біледі.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3. Оқушыларды топтарға біріктіру.



Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.
1 топ: Кітап
2 топ: Дәптер
3 топ: Қаламсап



Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптері
Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


(Қазіргі жағдайда) ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Адам ұлпаларында май қышқылының мөлшері қандай?
2.Қаныққан және қанықпаған май қышқылдары қалай жетіледі?
3.Қандай майлар күрделі майларға жатады.
4. Жануаралар майлары құрамына қандай май қышқылы кіреді?
5. Гликолипидтер, фосфолипидтер, гликопротеидтер қандай майларға жатады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет