Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
1.ДНҚ көшіру механизмі қалай аталады?
2.ДНҚ-ға қандай көшіру механизмі тән?
3.Оның матрицасы не болып табылады?
4. Неліктен ДНҚ молекуласы бірден толығымен репликацияланбайды?
5.ДНҚ-ның екі еселенуі кезінде матрица не болып табылады?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.ДНҚ репликациясын түсіндіреді.
|
Тақырыпқа байланысты интернет желісін пайдаланып видео көру.
|
|
Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Репликация –қате жібермейтін өте нақты механизм. ДНҚ репликациясын түсіндіріп береді. ДНҚ репликациясы не үшін қажет?
2.ДНҚ фрагментінің нуклеотидтік құрамы мынандай: АТГЦЦГТГЦТАЦГГЦАЦГ. Осы фрагменттің репликация процесінде түзілген қосалқы тізбегінің нуклеотидтік құрамын жазады. Ескі және жаңа нуклеотидтер тізбегін көрсетеді.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Тапсырманы орындап айырмашылықтары мен себептерін түсіндіреді.
|
ДК экраны
10-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Неліктен нәрыздар немесе көмірсулар емес,ДНҚ молекуласы репликацияға қабілетті? Ол ДНҚ құрылысының қандай ерекшеліктерімен байланысты?
2. Репликация процесінің механизмі жасушада қалыпты өтуі үшін және ДНҚ-ның жаңа тізбектері бір-біріне комплементарлы болуы үшін қандай шарттар сақталуы тиіс?
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Биологиялық маңызын талдап түсіндіреді.
2. «ДНҚ-ның репликациялануы» тақырыбына эссе жазады.
|
ДК экраны
10-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|