Сабақтың тақырыбы: Жердегі тіршілік үшін судың маңызы Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет97/108
Дата27.10.2022
өлшемі25,3 Mb.
#45767
түріСабақ
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   108
Қысқамерзімді жоспар
28-сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Бактерия, саңырауқұлақ, өсімдік және жануар жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтері».

Бөлім:

10.1 Жасушалық биология

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бактерия, саңырауқұлақ, өсімдік және жануар жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.4.2.3 - прокариот және эукариот жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтерін салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Бактерия, саңырауқұлақ, өсімдік және жануар жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтерін біледі.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Топ ережесін еске түсіру.


Топтастыру.



Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I – Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы



Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Фигуралар салынған конверт


Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Саңырауқұлақ жасуша қабығының құрылысының ерекшелігін сипаттайды.
2. Саңырауқұлақ жасушсындағы вакуольдің рөлі қандай?

3. Бактерия жасушасындағы цитоплазманың рөлі қандай?


4.Саңырауқұлақ жасушасы құрылысының ерекшелігі неде?







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет