Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
Құрамында көмірсулары бар азық-түліктерді атайды.
|
Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көреді.
|
|
Қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1.Тапсырма
1. Көмірсулардың атқаратын қызметтеріне сипаттма береді.
2. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, кестені толтырады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Тапсырмаларды орындап сипаттап маңызын түсіндіреді.
2.Кестені дәптерлеріне сызып толтырады.
|
ДК экраны
10-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Талдау айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2.Тапсырма
1. Полимердегі мономерлердің саны артқан сайын көмірсулардың қасиеттері қалай өзгереді?
2.Пікірталас: «Неге көмірсулардың тәуліктік нормасы басқа органикалық заттарға қарағанда бірнеше есе көп?»
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Тапсырманы талдап түсіндіреді.
2. Пікірталас ұйымдастырады.
|
ДК экраны
10-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|