2.5.2.2 жиынды белгілеу үшін латын алфавитінің бас әріптерін, жиын элементтерін белгілеу үшін латын алфавитінің кіші әріптерін; жиынға тиістілігін/тиісті еместігін белгілеу үшін , және таңбаларын қолдану
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: Жиындарды құрастыра алады .
Көптеген оқушылар: Жиындарды жіктеуді үйренеді, жиын элементтерін белгілеу үшін латын алфавитінің кіші әріптерін; жиынға тиістілігін/тиісті еместігін белгілеу үшін , және таңбаларын қолдана алады.
Кейбір оқушылар: Жиындарды біріктіруге элементтердің тиістілігін анықтайды.Екі жиынды біріктіріп атау қоя алады. Жиын элементтерін латын әліпбиінің әріптерімен атай алады.Құрастырылған жиын бойынша және сызба бойынша екі амалмен орындалатын есеп құрастырып ,шешуін таба алады.
Тілдік мақсат
Оқушылар жиынға тиісті немесе тиісті емес элементтерді қарастырады; суреттерді топтастыра отырып жиын құрайды, мысалы, құстар және хайуандар жиыны; жиындардың басқа да сипаттамаларын зерттей – бос жиын, қосалқы жиын –табиғат мысалдарында; жиындарды, оның элементтерін белгілеу және сипаттау үшін сәйкесінше таңбаларды пайдалана алады
Бағалау критерийі
Жиындарды құрастыра алады.
Жиындарды жіктеуді үйренеді.
Жиын элементтерін белгілеу үшін латын алфавитін пйдаланады.
Жиынға тиісті/тиісті емес таңбаларын қолдана алады.
* Екі жиынды біріктіріп ат қоя алады.
Құндылық
тарды
дамыту
Туған өлкеміздің табиғатын қорғауға баулу .Ынтымақтастықта жұмыс жасауға дағдыланады.
Жиынды белгілеу үшін Эйлер-Венн диаграммасын пайдалана алады
Сабақтың жоспары
Жоспарлан
Ған уақыт
Сабақ барысы :
Ресурстар
Басталуы
5 минут
Ұйымдастыру кезеңі:
Бәрі араласып, шеңбер құрып тұрады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,
Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
Табиғат сенде бәрі ортақ,
Аспаның, күнің айың да.
Құсы, аңы, балығы,
Көз тартады барлығы,
Таулар, сулар, ормандар,
Табиғатты қорғаңдар!
Сүйейік табиғатты, аялайық,
Біз де одан жақсылықты аямайық!
Анадай табиғаттың аясында,
Жадырап жас балаша дем алайық!
Слайд (1) Табиғат
Жарайсыңдар ,балалар бүгін біз туған өлкеміздің табиғатына саяхатқа шығамыз. Ең әуелі табиғатқа шығатын ұл-қызды түгендеп алайын. Саяхатқа шығарда күн өтпес үшін бас киімдерімізді киіп аламыз. Олай болса келіп жинала қойыңдар.( 3 обруч тұрады). Біреуінен ұлдар бастарын шығарып, екіншісінен қыздар басын шығарып тұрады. Үшіншісінде мен тұрамын.
-Қандай диаграмма құрдық?
-Эйлер-Венн диаграммасын құрдық.
- Неліктен олай біріктік?
-Қандай жиын құрадық? (ұлдар және қыздар жиынын)
-Әлщер, Димаш, Асыланбек т.б. сендер қай жиынға тиістісіңдер? Ұлдар жиынына.
-Адина,Ақжан т.б.
-Қай жиынға тиістісіңдер?
-Қыздар жиынына.
-Ал мен….
-Екі жиынғада тиісті емессіз.
-Эйлер-Венн диаграммасы дегеніміз не?
-Жиынды бейнелеу үшін Эйлер –Венн диаграммасы деп аталатын сызба қолданылады.Бұл ішкі жиын элементтері орналасқан дөңгелек. Жиынды латын әліпбиінің бас әрпімен белгілейді. Жиын элементтері латын әліпбиінің кіші әрпімен белгіленеді.
-Жиын дегеніміз не?
-Қасиеттері,белгілері ортақ нысандар тобын жиын деп атаймыз.
-Жиын элементтері дегеніміз не?
-Жиынды құрайтын нысандарды оның элементтері дейміз.
-Дәл қазір біз қалай сөйлесіп тұрмыз?
Диалог түрінде.
Кері байланыс:
Міне, керемет!
Жарайсыңдар! Өтілген сабаққа жақсы дайындықпен келгенсіңдер. Әсіресе Адина, Әлшер т.б.
Топқа бөлу
І топ А тобы
ІІ топ Б тобы
Жаңа білім
20 минут
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
Енді ортаға үлкен бір шеңбер жасаймыз. Ортада көп гүл. Ұлдар және қыздар тобы болып біріктік. Бұл жиын қалай аталады? Оқушылар болып аталады. Мықтысыңдар!
«Саяхатқа кім не алып шығады?» ойыны. Алма, банан, алмұрт, жүзім, зонтик, рюзак, палатка, доп,жуа,нан,тамақ. «Азықтар және керекті заттар» жиыны. Ең әуелі табиғаттан гүл терейікші балалар. 1-1 гүл алып, орындарына отырады.
Слайд дыбысымен (2)
Топтық жұмыс
« Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
Топтарға құстардың, жануарлардың, балықтардың суреттері аралас таратылады. Оқушылар жиындарды қарастырып, оларды неше жиынға бөлуге болатынын топта талқылап, элементтерін анықтап , оларға ортақ атау беріп, таныстырылым дайындайды .
І топ Постер дайындайды.Ұлдар тобы.
ІІ топ Козинаға жинайды. Қыздар тобы.(2корзина үлкен, кіші корзина артық затты салады.)
Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек»
Және өзім бағалап желпіуіш беремін.
Слайд(3)
Қазақстандағы орман, тоғайларда осы аталған құстар, аңдар мекендейді.Солардың ішінде мыналар...... «Қызыл кітапқа» енген
Оқулықпен жұмыс
« Кім жүйрік» ойыны
Оқулықтағы № 4 тапсырманы топта орындату.
Орындалған жұмысты пайдалана отырып ,сызба бойынша екі амалмен орындалатын есеп құрастыру.
Топ мүшелеріне сызба ұсынылады, оқушылар сызба бойынша есеп құрастырады
Бас бармақ әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
Мұғалім кері байланысы
Сергіту сәті
Оқулықтағы № тапсырманы жеке орындату
Өрнектің мәнін тауып, екі жиынға біртаңбалы сандар, екі таңбалы сандарға жіктеу арқылы анықтау
«Қызыл кітапқа» енген құстардың 13 мыңдай
« Уақыт» стратегиясы
Топ көшбасшылары өтілген сабақ бойынша түйінді ойларын баяндайды
Үйге тапсырма: Оқулықтағы № 5 тапсырма
Саяхатта алма тергенмін .Жақсы сабаққа қатысқандарың үшін сыйымды бергім келіп тұр. Оқушыларға алма таратып шығу
Дәптермен жұмыс:
Бағдаршам түстері арқылы өз білімін бағалау. Тақтаға шығып обручтың ортасына жиналады.Бағдаршам түстері арқылы шеңберге жиналу. Себебін түсіндіру.
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
« Кім жүйрік» ойыны
Есептер шығару
Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Бас бармақ әдісі
Бағдаршам түстері арқылы өз білімін бағалау
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?