Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
Ынтымақтастық атмосферасы
Оқушылардың оқу құралдарын толық алуын қадағалап, назарын сабаққа аударамын.
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау
Көбейту кестесін еске түсіру
1. Жылдың бесінші айын ата. / мамыр /
2. Бүгін аптаның қай күні? ( бесінші)
3. 320 мен 1 - дің көбейтіндісі. ( 320 )
4. Шаршы, тік төрт бұрыш, үшбұрыш нелер? (геометриялық фигуралар)
5. 513 пен 515 - тің арасында қандай сан бар? (514)
6. Есік қандай геометриялық фигура? (тік төрт бұрыш)
Оқушылар ауызша орындайды
Жаңа сабақ
- Бүгінгі сабағымызда бір - біріне қарама - қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығарып үйренеміз. Сызбаға қарайық. Автокөліктер бір - біріне жақындап келеді.
V¹=40 км/сағ -------------------- t =? сағ --------------------- V²=60 км/сағ
-----------------------------------S = 400 км
Уақыт бірлігінде нысандардың бір - біріне жақындауын жақындау жылдамдығы дейді. Бір - біріне қарама - қарсы бағытта қозғалу кезінде жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.
V жақынд. = V¹ + V²
60 + 40 = 100 ( км/сағ )- автокөліктердің жақындау жылдамдығы.
Автокөліктердің неше сағаттан кейін кездескенін біу үшін, алғашқы арақашықтықты жақындау жылдамдығына бөлу қажет.
t = S: Vжақынд.
400: 100 = 4 ( сағ )
Жауабы: автокөліктер 4 сағаттан кейін кездесті.
- Әр сағат сайын автокөліктердің арақашықтығы қанша уақытқа қысқарады? Кестені толтырайық.
t ------------------------------------1 сағат -------------------2 сағат ---------------------3 сағат
Автокөліктер
арасындағы арақашықтық
Уақыт белгілі, жақындау жылдамдығы белгілі, арақашықтықты табу үшін не істейміз деп ойлайсыңдар? Формуласын құрастырып көріңдер.
S =Vжақынд. • t
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау.
Дәптермен жұмыс.
Қосымша тапсырмаларды орындау.
І топ.
1) Шеңбер деген не?
2) 4200 * 70
ІІ топ.
1) Дөңгелек деген не?
2) 548100: 90
ІІІ топ.
1) Жылдамдық, уақыт, қашықтық туралы айт.