Жыр жазамын Абайдың үлгісімен
29 ақпан 2016 - Құралай Орманова
Алматы облысы,
Райымбек ауданы
Сарыжаз орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сығай Самал Мәдеспанқызы
Сабақтың тақырыбы: «Жыр жазамын Абайдың үлгісімен» Абай өлеңдері мен Мұқағали өлеңдеріндегі үндестік
Сабақтың мақсаты 1. Абай өлеңінің үлгісінде Мұқағали өлеңінің құрылысын танып-білу
2. Өлең құрылысына қарай талдауға машықтандыру. Мұқағали поэзиясының өлең құрылысының үлгілері Абай әдісіне тән екенін аңғарту.
3. Поэзияны сүюге, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Бекіту
Сабақтың көрнекілігі : Сызбалар мен кестелер, Абай және Мұқағалидың портреті
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, география
Сабақтың өту барысы
Ұйымдастыру
Оқушыларды екі топқа бөлу
Абай тобы
Мұқағали тобы
« Ой қозғау» сатысы
«Қазақтың бас ақыны-Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрын-соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.Абай көсем ,үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған. Абайда өлең сөздің неше үлгісі,өрнегі табылады» деп жазды Ахмет Байтұрсынов.
«Тану» сатысы
Мұқағалидың қысқаша өмірбаяны, Абайдың қысқаша өмірбаяны. Ең алғашқы шығармалары. Абай мен Мұқағалидың идеясы бір өлеңдерін талдау. 1. «Өлең сөздің патшасы» «Қара өлең» 2 «Жазғытұры» «Күн жылыған, жер жібіген» 3. «Қыс» «Қыс келген күн»
4. «Әбдірахман өлгенде»
«Майгүлге»
5.Соқ жүрек
Ауру жүрек
«Зерделеу»сатысы
Абайға дейінгі қазақ поэзиясында
1. Қара өлең ұйқасы
2. Кезекті ұйқас
3. Шұбыртпалы ұйқас
4. Ерікті ұйқас
Ал Абай ашқан ұйқастар
1. Шалыс ұйқас
2. Егіз ұйқас
3. Аралас ұйқас
І«Қара өлең ұйқасы
Абайға дейінгі ұйқас түрлеріне екі ақынның өлеңдерін оқу
Абайдың «Ауру жүрек», «Білектей арқасында өрген бұрым», «Мәз болады болысың», «Күз», «Қыс».
Мұқағалидың «Бесік басында», «Жұмыстан соң», «Жастық», «Сағым», «Қасым солай болмаса...», «Хантәңірі», «Қара өлең» т.бйы
ІІ.Шұбыртпалы ұйқас
Абайдың «Оспанға», «Ішім өлген, сыртым сау» ,«Балалық өтті»
Мұқағалидың «Туған жерге», «Махамбеттер, Абайлар-ай», «Бақытым менің алыста»
ІІІ. Ерікті ұйқас
Мұқағалидың «Қайран жандар», «Қайран бауыр» , «Шаршадым, білем», «Жаз едім кеше», «Болады деп арманда!»
Абайдың «Жаз», «Күлембайға», «Көжекбайға»
Абай «Қайғы шығар ілімнен», «Заман ақыр жастары»,
Мұқағали «Өмір сүрейік алмасып» 6-шумақ
Абай ашқан ұйқас түрлері
І. Шалыс ұйқас
Абай «Көкала бұлт сейіліп», «Қараңғы түнде тау қалғып»,
Қараңғы түнде тау қалғып, а
Ұйықыға кетер балбырап. б
Даланы жым-жырт дел-сал ғып, а
Түн басады салбырап. б
«Адамның кейбір кездері», «Әсемпаз болма әрнеге» Мұқағалидың «Автограф», «Естелік», «Аякөз-Ару», «Шұғыла –арман»
Абай «Жастықтың оты жалындап», «Қызарып, сұрланып», «Менсінбеуші ем наданды», «Не іздейсің?», «Жүрегім, ойбай, соқпа енді!» т.б.
Жас өмір, саған өкпем жоқ, а
Көктем боп тұрдың сан жылдар. б
Жеткенде жеріп кеткем жоқ, а
Өктем боп талай тағдырлар. б
ІІ. Егіз ұйқас
Абай «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң»
Өз ойында , а 4
Тұл бойында а 4
Бір міні жоқ бендесін, б 7
Түзде мырзан, в 4
Үйде сырдан, в 4
Сөзі қылжаң еркесіп. б 7
Мұқағалидың «Құмған алған», «Ақынды ақын оятпаса ол қайғы», «Төрт құс сатып әпердім төрт балама»
Құмған алған, а 4
Суға барған, а 4
Сұлуымды сағындым. б 6
Сырғаланған, в 4
Қуған арман. в 4
Құлынымды сағындым. б 6
Абай «Бойы бұлғаң», «Сегіз аяқ»
ІІІ. Аралас ұйқас
Абай «Ғылым таппай мақтанба!»
Мұқағали «Жоқ, дәрігер!», «Өмір сүрейік алмасып» Бұл өлеңнен қара өлең, шұбыртпалы, кезекті және шалыс ұйқасты табуға болады.
Буын
Аралас буын
Мұқағали «Несіне ойланасың?»
Абай «Сегіз аяқ», « Бойы бұлғаң»
Абай өлеңдеріндегі бунақтардағы аралас буындар
Дем алысы|үскірік|аяз бен қар,
Кәрі құдаң -| қыс келіп,|әлек салды.
Ұшпадай| бөркін киген| оқшырайтып,
Аязбенен |қызарып| ажарланды.|
Мұқағали
Менің де бір | шуағым бар |жинаған,
Бұлтты күндей |буырқанам,|қиналам,
Өзімді емес ,|өзгелерді| жылтайын,
Жарық дүние| жақсылығыңды |қи маған!
«Жинақтау » сатысы
Абай мен Мұқағали өлеңдерін сатылай кешенді талдау.
«Ой толғаныс» сатысы
«Жыр жазамын Абайдың үлгісімен» Абай үлгісімен өлең құрастыру
Абай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
Мұқағали «Мен дағы өлең жазбаймын»
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын.
Таласып босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып құрып барасың.
Өтірік шағым толды ғой,
Өкінер уақытың болды ғой.
(«Сегіз аяқ»)
Қазағым, елім,
Қайқайып белің
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып.
(А.Байтұрсынов «Жиған-терген»)
Жаздай ойланып,
Қаздай айналып,
Қондым-ау саған жұртым деп.
Басым айналып,
Тілім байланып,
Соғады жүрек лүпілдеп.
(М.Мақатаев «Бәрібір сенің ұлыңмын»)
Бағалау
Үйге тапсырма.
«Жыр жазамын Абайдың үлгісімен» Ой толғау
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі
Жолдыбаев Сансызбай Насирович
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тақырыбы:«Абай шығармаларына еліктеу арқылы жазылған ақындардың шығармашылығы»
Ақын Абай қазақ халқының маңдайына біткен үлкен бәйтерегі іспеттес.Қазақ даласының X-IX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келіп,ХХ ғасырдың басында дүниеден озса да,үлкен үлгі боларлық өлмес мұра қалдырған кісі.
Абай (Ибраһим)Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы,қазіргі Абайауданы Шыңғыстау бөктеріндегі «Қасқа бұлақ» деген жерде дүниеге келеді.
Хакім Абайдың шығармаларын халқы көзі тірісінде-ақ танып,жатқа айтып жүреді.
Кейін келе ақын шығармаларына қызығушылық арта түсіп,қазақ әдебиетінің ақын жазушылары Абай үлгісінде өлеңдер жаза бастады.
А.Байтұрсынов атамыз айтқандай «Қазақтың бас ақыны»Абай шығармаларын зерттеу еңбектері өз нәтижелерін беріп отырды.
Қазақ халқының ақын жазушылары өздерінің тырнақ алды шығармаларын жазуда немесе шығармашылыққа кірісуде Абайға соқпай айналып өтуі мүмкін емес.
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдың басында ғы ақын жазушылар Абайды оқымады деуге болмайды.А.Байтұрсынов,С.Торайғыров,М.Жұмабаев,М.Дулатов,С.Дөнентаев,М.Әуезов,С.Садуақасов,С.Мұқанов,Ш.Құдайберді,І.Жансүгіров,Б.Майлин,С.Сейфуллин,осы айтылған жазушылар Абайды жасынан оқып,біреулері ақынға өлең жазса,екінші біреулері өздерінің шығармаларын Абай шығармаларына ұқсата жазған.Ақынның шығармаларын зерттеуде,зиялық жағына көп мән берген.М.Жұмабаев пен С.Торайғыров ақынның шығармаларын Лирик ақындар тобына жатқызса,А.Байтұрсынов пен С.Дөнентаевтар халықтық сарынды ақындар тобына қосады.
С.Дөнентаев Абайға еліктеп,Абайша жазуға тырысты.Мысалы: «Ой» «Жүрекке», «Абайға»,«Бір жыл өтті» өлеңдерін оқып,мазмұн ұйқасына қарасаң,Абайдың «Сегіз аяқ»,«Бойы бұлғаң» өлеңдері үлгісінде екені анық көрінеді.С.Сейфуллиннің «Кел жігіттер»,«Өмірсіз ғашық»,«Аққу құс»,«Қара жер», «Дала»,«Отарба»,«Орман»,«Аққу»өлеңдері Абайдың «Сегіз аяқ»,«Алты аяқ»өлеңдері үлгісінен екені белгілі.Мысалы:
Аққу құс көркем!
Ақ төсін керген
Көліңде сәулем,сыңқылда.
Көлдегі еркем,
Ғашығым еркем,
Сылаңда,биле былқылда-деген шумақты алсақ буыны,бунағы «Сегіз аяққа»дәл келсе де,тармақ саны оған дәл емес.
С.Сейфуллин (1913-1916)жылдары Абай өлеңдерін оқып көп зерттеген.Ғашықтық өлеңдерін көбіне Абайша жазған.
Сөйлей бер тіл мен жақ,
Сөзіңнің бәрі хақ.
Парыздай міндетің
Қалқаны мақтамақ,
Үлбіреп екі ерін,
Бейне гүл,қызғалдақ,-деп басталатын «Газель»өлеңі (1915)Абайдың «Көзімнің қарасы»өлеңі үлгісінде жазылған.
1915-1916 жылдары Абайға,оның шығармаларына етене көңіл аударып,еліктеушінің бірі болған-Ілияс Жансүгіров.І.Жансүгіровтың «Жыбырлақ»,«Шым-шытырық»,«Қалпымыз»атты өлеңдері Абайдың «Алты аяқ»,«Сегіз аяқ»үлгісімен жазылған.
Ащы көңіл,
Тұщы өмір
Төсек жеміс бар ма дос?
Қайғы баптап,
Ойды шақтап,
Сырғанақтап жүрмін бос.(Шым-шытырық)
Пайдасыз нақыл,
Қайласыз ғадайып
Өлуге орға секірер.
Дабырлы жолды,
Табылды болды,
Одан артық не тілер?
Ақыл ой,талап ар- намыс
Біздің елден жүр алыс. (Қалпымыз)
«Қалпымыз»-дың шумағы Абайдың «Сегіз аяқ»өлеңі негізінде жазылған.
5 буынның орнына 4 буын,8буынның орнына 7 буын болып келеді.
Б.Майлин ақын өлеңдерінің түрін көп пайдаланады.Мысалы:«Айт шуу,ала атым»,«Ұлы топ алдымда»өлеңдері 6 буынды өлең үлгісінде жазылған.
Кейін келе С.Мұқанов,А.Байтұрсынов,А.Тоқмағанбетова,Ә.Тәжібаев, Т.Жакаров,Ж.Сыздықов,Ө.Тұрманжанов т.б.қазақ ақындарының Абай өлеңдерінің үлгісіне соқпай кете алған жоқ.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі ақын жазушылар Абай мектебінен тәлім-тәрбие алды.
Қорыта келгенде:Абайды осыншалықты ынтық болып оқуда,үйренуде, ақынның шығармаларындағы тәрбиелік мәні зор адамгершілік қасиеттері де Абай адамның адамдық қасиеттерін еңбекте,ғылым-білімде,мінез-құлқында деп ұқты.Қазақ әйелдерінің бостандығын жырлады.
Абай қазақтың ұлттық әдебиетін мазмұны жағынан ғана емес,түр жағынан да байытты.Қазақтың әдеби тілінің негізін қалады.
М.Әуезов ақын шығармаларын зерттей келе,осындай қорытындыға келді:«Қазақтың классик әдебиетінің атасы,қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі»-депорынды атаған.
Қазіргі кезде ақынның дүниеден өткеніне 110 жылдан аса уақыт өтсе де,оның шығармалары ұрпақтары тарапынан құнды дүние болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |