Физика 9 сынып. Р.Башарұлы, Д.Қазақбаев, У.Тоқбергенова, Н.Бекбасар
Жалпы мақсаты
а) білімділігі - жұлдызды аспанның жылжымалы картасы, жұлдыздардың экваторлық координаталары, шырақтардың шарықтауы (кульминациясы); жер бетінде географиялық координаталарды (ендікті) анықтау; есептер шығару;
б) тәрбиелігі – оқушыларды адалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, тапсырмаларды деңгейлеп беру арқылы бәсекелестікпен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
в) дамытушылығы жұлдызды аспанның жылжымалы картасын пайдаланып, шоқжұлдыздардың бағытын анықтауы арқылы оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру; Жер бетіндегі географиялық ендікті анықтауы арқылы есептеуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар әңгіме барысында жұлдызды аспанның жылжымалы картасы туралы түсінік алады.
- Оқытудың жаңа тәсілдерін пайдалана отырып, мақсат қоя білуге, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйренеді.
- АКТ-ны тиімді пайдалана отырып, тақырып бойынша танымдық қабілеттері артады.