ІІІ. Жаңа білімді меңгерту Оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарламас бұрын таратпалар арқылы жаңа сабаққа қатысты қысқаша ақпарат ұсыну.
Кесте ұғымы Кесте мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге мүмкіндік береді. Кесте баған мен жолдан тұрады.
Ұяшық ұғымы Ұяшық баған мен жолдың қиылысында орналасқан. Ұяшықтағы мәтінді ереже бойынша пішімдеуге болады.
Кесте жасау әдістері:
Кестені бірнеше әдіспен жасауға болады.
Оқушылар берілген мәліметпен танысқан соң, алған мәліметтері бойынша сұрақтар қою:
Қандай ұғыммен таныстыңыздар?
Кесте ұғымын қалай түсінесіздер?
Күнделікті өмірдегі қолданысы?
Оқушылардың берген жауаптары арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын айқындау.
Бүгін Word редакторының тағы бір мүмкіндігімен танысамыз, жаңа сабақтың тақырыбы: «Кестелермен жұмыс» Оқушылар жаңа тақырыпқа қажетті мәліметті электрондық оқулықтан алады. (Интерактивті тақта арқылы дыбысталған электрондық оқулықты пайдалану)
IV. Жаңа білімді бекіту. Жаңа сабақ бойынша алған теориялық білімді практика жүзінде бекіту.
Оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін қалыптастыра отыра, компьютерде деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы жаңа материалды бекіту және шығармашылық деңгейге көтерілуін анықтау.
І-деңгей 6 бағаннан, 4 жолдан тұратын кесте құру;
Кестеге апталық сабақ кестесін үлгі бойынша толтыру;
Апта күндерін, пән атауларын ортаға туралау;
Апта күндерінің атауы курсив және жартылай қарайтылған болуы керек.