Сабақтың тақырыбы: Жобаны қорғау Сабақтың мақсаты



бет1/8
Дата21.12.2023
өлшемі43,38 Kb.
#142088
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8

Бекишева Кульзия Есеновна
Астана қаласы №56 мектеп-лицейінің
информатика пәні мұғалімі


Сынып: 6


Сабақтың тақырыбы: Жобаны қорғау
Сабақтың мақсаты: 
білімділік:  Оқушыларды жасаған жобасын талаптарға сай ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, қорғай білуге үйрету;
дамытушылық: Күнделікті өмірде қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару, 
тәрбиелік: Шығармашылық жобаны қорғау барысында іскерлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жоба жұмысының орындалу ретін пысықтау
Жобаға байланысты мәлімдемелер беру 

Жоба әр түрлі бөлімдерден, арнайы сызбалардан, суреттерден, нобайлардан және жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымды жасаған кезде есептер, экономикалық немесе экологиялық дәлелділік, түсінік хаттар да пайдаланылады.


Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың т.б. көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды.
Бұл жағдайда оқушы жобаны қалай дәлелдейді? Ол үшін әр оқушы өзінің жасайтын жұмысын таңдау қажет.
Сонымен, шығармашылық жоба бұл оқушының мұғалімнің басқарумен орындалған өзіндік шығармашылық (жоба) жұмысы.
Шығармашылық жобаны орындау жүйесі (ұйымдастыру, дайындық кезеңі.)
- Проблеманы шешу;
- Үлгі таңдау. Жасалатын бұйымның үлгі сұлбасын сызу, суретін салу;
- Материалдар мен керекті - құрал жабдықтар дайындау;
- Жұмыс орнын ұйымдастыру.
Техникалық кезең.
- Техникалық жұмыстарды орындау;
- Еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау, .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет