5-қосымша Қажетті сөздер: қола дәуірінің соңы, үзеңгi ,меридиан, жылқы.
1. ... қолға үйрету адамзат өркениетіндегі ең үздік жетістіктерінің бірі. Металл
ауыздықтың шығуы жылқыны көлік ретінде қолдануға мүмкіндік берді. Атқа мiнген
бақташы ендiгi жерде малды ұзатып жаюға мүмкiндiк алды. Көшпелiлер ат әбзелдерiн
үнемi жетiлдiрiп отырды. Олар 2. ..., ауыздықты, ердi ойлап тапты. Көшпелілердің
қыштан, шыныдан, металдан жасалған көлемдi заттары анағұрлым жұмсақ әрi жеңiл
материалдармен: былғары, киіз, ағашпен алмастырылды.
Көшпелі мал шаруашылығы көшпелілердің басты жаңалықтарының бірі. Археолог К.
Ақышевтің пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса
бастауы 3. …, темір дәуірінің басына дәл келеді.
Осы кезден бастап, Орталық, Батыс Қазақстан жерінде 4. … бойымен көшу, ал
Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын
қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан. Оңтүстік Қазақстан аймағында
ерте заманнан-ақ көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы шаруашылық пен тұрмыс орын
алған.
http://e-jospar.kz/1144-azastan-tarihy-5-synyp-alyptastyrushy-baalaua-arnalan-tapsyrmalar-zhinay.html