Мұғалімнің аты-жөні:
|
Рахимбекова Р.
|
Пән/Сынып:
|
Қазақ әдебиеті, 8-сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
4-тоқсан, № 14- сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
Қиял мен шындық
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жүсіп Сахиев "Айдағы жасырынбақ" әңгімесінің тақырыбы мен идеясы
|
Оқу мақсаттары:
|
Т/Ж 1 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.
|
Сабақ мақсаты:
|
Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін талдайды;
Шығарманың эпилог, прологтарын анықтайды.
|
Бағалау критериі:
|
Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтайды.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Сабақтың мазмұны
|
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
|
Ресурстар
|
1 минут
|
Ұйымдастыру
|
Сәлеметсіздер ме, оқушылар?
8-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!
Сабағымыздың тақырыбы: Жүсіп Сахиев "Айдағы жасырынбақ" әңгімесінің тақырыбы мен идеясы.
Бүгінгі сабақта:
Сенің меңгеретінің:
"Айдағы жасырынбақ" әңгімесіндегі әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашасыздар.
|
|
Презентация
|
3-5 минут
|
Жаңа сабақ
|
Автор шығарманың идеясы арқылы қандай ой айтқысы келді?
Әңгіменің негізгі идеясы қандай?
Не себепті автор әңгімені "Айдағы жасырынбақ" деп атаған?
|
|
|
5-15минут
|
Сабақ ортасы
|
1-тапсырма.Үзіндідегі сюжет желісі бойынша тақырыптарды сәйкестендір
Шығармадан үзінді
|
Сюжет тақырыбы
|
Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы... Айнадай таза, кең де жарық класс бөлмесі көңілімізді сергітіп жіберді. Жазғы ұзақ каникулдан кейін бір-бірімізді кәдімгідей-ақ сағынып қалыппыз.
|
Мергеннің айға барған сапарын әңгімелеуі
|
Ай бетіне табан тіреуге жақын қалғанымызда қараңғы дүниеден денеміз түршікті.
Көп кешікпей кемеміз Ай бетімен жанасты. Біраз жылжып барып, ғарышайлағының алдына тоқтадық.
|
Елге оралу және әкенің ақылы
|
Жер қараңғылығы жай екен, Ай аспанындағы жұлдыздар да жымыңдайды. Айналаның бәрі бейне бір күл шаңының астында қалғандай көңіо құлазытады. Тіршіліксіздіктің нағыз көрмесі де сонда екен.
|
Сартайдың қорқынышы және жасырынбақ
|
Мен көлеңкеден шықтым. Сартай мені жоғалтып тапқандай қатты қуанды. Шұңқыр ернеуіне шыға бергенімде қолымнан тартып алып, құшақтай алды.
|
Жаңа оқу жылындағы алғашқы сабағы
|
- Табиғаттың болашақ тазалығы сендердің қолдарыңда, - деді сол кезде көкем Сартай екеуміздің сөзімізді тыңдап болып, - достарыңа да түсіндіріңдер мұны ...
|
Айдағы тіршіліктің суреттелуі
|
Дескриптор:
Оқушылар оқулықтағы "Айдағы жасырынбақ" әңгімесін оқып танысады.
Сюжеттік желісіне талдау жасайды.
Шығармадағы үзіндіні сюжеттік тақырыппен сәйкестендіреді.
Өзіңді тексер. Ықтимал жауап
Шығармадан үзінді
|
Сюжет тақырыбы
|
Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы... Айнадай таза, кең де жарық класс бөлмесі көңілімізді сергітіп жіберді. Жазғы ұзақ каникулдан кейін бір-бірімізді кәдімгідей-ақ сағынып қалыппыз.
|
Жаңа оқу жылындағы алғашқы сабақ
|
Ай бетіне табан тіреуге жақын қалғанымызда қараңғы дүниеден денеміз түршікті.
Көп кешікпей кемеміз Ай бетімен жанасты. Біраз жылжып барып, ғарышайлағының алдына тоқтадық.
|
Мергеннің айға барған сапарын әңгімелеуі
|
Жер қараңғылығы жай екен, Ай аспанындағы жұлдыздар да жымыңдайды. Айналаның бәрі бейне бір күл шаңының астында қалғандай көңіл құлазытады. Тіршіліксіздіктің нағыз көрмесі де сонда екен.
|
Айдағы тіршіліктің суреттелуі
|
Мен көлеңкеден шықтым. Сартай мені жоғалтып тапқандай қатты қуанды. Шұңқыр ернеуіне шыға бергенімде қолымнан тартып алып, құшақтай алды.
|
Сартайдың қорқынышы және жасырынбақ
|
Табиғаттың болашақ тазалығы сендердің қолдарыңда, - деді сол кезде көкем Сартай екеуміздің сөзімізді тыңдап болып, - достарыңа да түсіндіріңдер мұны ...
|
Елге оралу және әкенің ақылы
|
|
|
|
|
|
Пролог пен эпилогтың анықтамасын есімізге түсірейік.
|