А/И.8.3.4.1. шығарма бойынша жазылған әдеби сын -пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.
Сабақ мақсаты:
Шығарма бойынша жазылған әдеби сын -пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.
Тілдік мақсаттар:
Ғажайып тас,ирек таңбалар, әуе кемесі, кеме дүрілі
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
менің ойымша....,
мен оны былай түсіндіремін.....,
себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,
мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,....,
Бағалау критерийлері:
Шығарма бойынша жазылған әдеби сын -пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.
Шығарманы басқа шығармалармен салыстыру, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру
Жоспар
Жоспарланатын уақыт
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
Дереккөздер
Сабақтың басы5 мин
Қызығушылықты ояту «Біз де» ойыны Ойынның шарты: Әңгімені зейін сала тыңдап, бұрыс пікірге қосылмау керек.
1. Мен Ақтауға демалуға бардым. «Біз де!»
2. Онда табиғат көрінісін көзіммен шолып өттім. «Біз де!»
3. Өзімнің балалық шағымды еске алдым. «Біз де!»
4. Тауға барып тауық бақтым. «Біз де!»
Осыны айтып қалған оқушылар ойыннан шығады. 5. Мен үшін әрбір тас қойнында бір-бір сырды жасырып жатқандай. Мен бұл таудың бар сырын ашып үлгергем жоқ. «Біз де!»
6. Бір кезде мен кеме дүрілін естідім. «Біз де!»
7. Өзім де тауқұмар едім. «Біз де!»
8. Қойды әп-сәтте сойып, терісін іреп сыпырдым. «Біз де!»
Осыны айтып қалған оқушылар ойыннан шығады. Сабақ мақсаты мен жұмыс жоспары таныстырылады.Бағалау критерийлерімен таныстыру