Сабақтың тақырыбы к дыбысы мен әрпі. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата31.12.2021
өлшемі166,37 Kb.
#21622
түріСабақ
Байланысты:
1 Сауат ашу


Педагогтің аты-жөні

Слямханова Еркем Дәуренқызы

Қала/ Мектеп

ШҚО, Катонқарағай ауданы

Пән

Сауат ашу

Сынып:

1

Сабақтың тақырыбы

К дыбысы мен әрпі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.2.1 мұғалімнің көмегіменмәтінде кім ( не ) туралы айтылғанын анықтау.

1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер, мәтін құрастыру және жазу.



Сабақтың мақсаты

Жаңа тақырыпты жетік меңгерту. Сұрақтар мен суреттер арқылы ой өрбіту.

Сабақтың кезеңдері:

Басы:


Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Бүгінгі сабақта «К дыбысы және әрпі» деген тақырып бойынша сабақ өтеміз. Осы сабақта сіздер материалдармен, ақпараттармен жұмыс жасап, өз ойларыңызды білдіресіздер, сонымен қатар жұмбақтар шешіп, өздеріңнің жылдамдықтарыңды көрсететін боласыңдар. Жұмбақтар шешіп, сөздерді тауып өздеріңнің жылдамдықтарыңды көрсетіп белсене қатысыңдар.

Ал қазір біз сіздермен жұмбақ шешеміз. Мұқият тыңдаймыз. Жұмбақтың жауаптары арқылы сіздерге сұрақтар қойылады.



«Ойлан тап» стратегиясын қолдана отырып сабағымызды бастайық. Бұл жерде жаңа тақырыпқа байланысты жұмбақтар қойылады және шешімін айту керек боласыңдар.

Қабат қабат қаттама

Ақылың болсааттама. (Кітап)

Ақ сандығым ашылды

Ішінен жібек шашылды. (Күн)

Қолы бар, саусағы жоқ,

Мойны бар, басы жоқ. (Көйлек)

Көреді бәрін өзгенің

Көрмейді бірақ өздерін. (Көз)

Оқушының әрекеті: балалар жұмбақтарды тыңдай отырып өз жауаптарын айтады.

Мұғалім: иа балалар дұрыс айтасыңдар. Жұмбақтың жауаптары, яғни «Көз, көйлек, кітап, күн» сөздері қай әріптен басталып тұр? Біз неге тек сол әріпке байланысты алдық.

Оқушының әрекеті: К әріпінен басталады. Ол әріпті алғанымыз бүгінгі тақырыпқа байланысты болғандықтан.

Мұғалім: жақсы жарайсыңдар.

К-таңдайдың орта шетіне нық жабысып, бірден кілт ажырап кетеді.

К-дауыссыз қатаң, өз алдын буын жасай алмайды.

К-дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі екен.



Мұғалім: дәптермен жұмыс бізге сауаттылық жағына үйретеді иа? Яғни әріптерді дұрыс жазуды үйренеді екенсіңдер.

Баспа түрі Жазба түрі

Дәл осылай екі жолға баспа түрімен жазба түрін жазып шығамыз.

Мұғалім: жазып болған болсақ «Кім жылдам?» ойынын ойнайық.

-Көп нүктенің орнына қойылатын әріпті тауып, сөзбен сәйкестендіріп сызыңдар және сөздерді оқыңдар.



к, е, к, ж, т, к

...еме

күші... ...шкі

е...ік

кө...ек

есі...

Оқушы әрекеті: көп нүктенің орнындағы әріпті анықтайды, сөздерді оқиды.

Мұғалім: ендігі кезекті Сергіту сәтіне берсек. Мен өлең жолын оқығанда сөзге мән беріп бірге қайталайық.

1.Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

2.Сағаттың тіліндей

Иіліп оңға бір.

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

Мұғалім: керемет, бір сергіп алдық. Олай болса суреттерге мән беріп қараңдар. Осы суреттерден К әрпінен басталатын суреттерді белгілеп шығыңдар.



Оқушылар әрекеті: Кесе, көйлек, күрек сөздерін табады.

Мұғалім: жарайсыңдар балалар. Осымен сабағымызды аяқтайық, бүгінгі сабақты қалай бағалайсыңдар.

Кері байланыс: бүгінгі сабақта болған көңіл-күйді, бет-әлпеті салынған суреттерді таңдау арқылы бағалайды.



Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

  

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет