Сабақтың тақырыбы: «Кемпірқосақ салу» ойыны
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Scratch бағдарламасын іске қосуды үйрету, ортаның негізгі тармақтарын зерттеу, Scratch ортасында программа жасауды үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін және логикалық ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері:компьютер, жұмыс дәптері.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу
Сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу, оқулық, дәптерлерінің толық болуын тексеру.